Қазақстан кубогы. Финал
14 қазан. Ақтөбе
Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион

«Қайрат» — «Атырау» — 1:0 (Гоу, 70)

* «Қайрат» Қазақстан кубогын сегізінші рет жеңіп алды. Бұл — жуық арада мұрты сетіней қоймайтын рекорд. Қазақстан кубогын ең көп жеңіп алған екінші команданың — қос «Астананың» («Астана-1964» және «Астана») еншісінде 3 кубоктан бар. «Астана-1964» қазір тіршілігін тоқтатты. Ал «Астана» «Қайратқа» жету үшін кемі 5 жылын сарп етуге тиіс.

* «Қайрат» биыл ел кубогының финалына биыл қатарынан төртінші рет шықты. Бұл да — өзіндік рекорд. Бұған дейінгі рекорд та алматылықтарға тиесілі еді. Олар 2003-2005 жылдар аралығында финалда 3 рет қатарынан ойнап, 1 рет жеңіске жетті. Ал соңғы 4 жылда «Қайрат» финалда бір-ақ рет (2016 жыл) жеңілді.

* Жерар Гоу Қазақстан кубогының финалындағы үшінші голын соқты. Ол 2014 жылғы финалда «Астана-Аренада» «Ақтөбе» қақпасына дубль жасаған еді (ойын есебі — 4:1).

* «Атырау» өз тарихында ел кубогының финалына екінші рет шығып, бірінші рет ұтылды. «Мұнайшылар» 2009 жылы финалда «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңген еді.

* Қазақстан кубогының финалы бірінші рет Ақтөбе қаласында өтті.

* Қазақстан кубогының финалы бірінші рет қазан айында ойналды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here