Қазақстан премьер-лигасы
30 тур. 20-21 қазан

«Қызылжар» — «Жетісу» — 1:1 (Делич, 66 — Куклис, 45)

Қызылжар футболының түлегі Сергей Скорых осы турда премьер-лигадағы 400-матчын өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша қазақ футболының 10 таңдаулы өкілінің қатарына қосылды. Бұған дейін осындай жетістікке 26 қыркүйектегі «Қайсар» — «Қайрат» (1:2) кездесуінде қызылордалық Мақсат Байжанов та қол жеткізген еді. Жалпы, Қазақстан премьер-лигасының тарихында ең көп матч өткізген футболшы – «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Нұрбол Жұмасқалиев. Ол осы турда «Қайрат – «Тобыл» кездесуінің соңғы минуттарында алаңға шығып, Қазақстанның бас лигасындағы 521-матчына қатысты. Премьер-лигада ең көп гол соққан (166 доп) да осы Жұмасқалиев екенін ескерсек, әзірше оның қос рекордын ешкім қайталай алмайтынына көз жеткіземіз.

Қазақстан премьер-лигасында ең көп ойынға қатысқан 10 футболшы:
1). Нұрбол Жұмасқалиев («Нарын», «Жетісу», «Астана», «Тобыл») – 521
2). Серік Жейлетбаев («Қайрат», «Шахтер», «Ертіс», «Восток») – 457
3). Самат Сымақов («Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы») – 452
4). Игорь Юрин («Атырау», «Тобыл», «Оқжетпес», «Шахтер») – 425
5). Руслан Гумар («Батыр», «Ертіс») – 424
6). Данияр Мұқанов («Елім-ай», «Восток», «Жетісу», «Тобыл») – 418
7). Максим Самченко («Болат», «Восток», «Шахтер», «Локомотив», «Жетісу», «Атырау») – 417
8). Қайрат Әшірбеков («Достық», «Тараз», «Шахтер», «Локомотив», «Ақтөбе», «Ордабасы») – 407
9). Мақсат Байжанов («Қайсар», «Шахтер», «Ертіс», «Локомотив», «Жетісу», «Атырау») – 402
10). Сергей Скорых («Ертіс», «Тобыл», «Шахтер», «Тараз», «Қайсар», «Жетісу») – 400.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here