Қазақстан премьер-лигасы. 18 тур
14 шілде
«Ақтөбе» — «Атырау» — 5:1 (Көкеев, 44, Радин, 60, 82, Пизелли, 65, 79 – Сикимич, 83)

Алматы футболының түлегі Жамбыл Көкеев үш жыл үзілістен кейін премьер-лигадағы алғашқы голын соқты. Ол соңғы рет 2015 жылдың 5 шілдесінде «Шахтер» — «Қайрат» (0:5) кездесуінің нүктесін қойып, алматылықтардың ірі жеңісін түйіндеп еді.

2016 жылы Көкеев ешбір командада өнер көрсеткен жоқ. 2017 жылы «Қайсарда» бағын сынап көріп, ҚПЛ-да небары 9 матч өткізді. Бірақ маусым ортасында бұл командадан кетіп, тағы жарты жыл алаңдарда бой көрсеткен жоқ.

Биылғы маусым басында Жамбыл «Ақтөбемен» келісім-шарт жасасты. Аз уақытта негізгі құрамнан орын тауып, 18 кездесудің 14-інде алаңға шықты. 10 рет негізгі құрамда ойнады.

Бұл – Көкеевтің үлкен футболдағы 43-голы. Ол премьер-лигада – 34, Қазақстан кубогында – 5, ұлттық құрамада – 2, еурокубоктарда 2 рет мергендік танытты.

А.Сисенбиннің фотосы (fcaktobe.kz)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here