Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі бес қарсыласының ішінде Қазақстан құрамасы бұған дейін Шотландия және Сан-Марино құрамаларымен кездесіп көрген жоқ. Бельгиямен ғана екі іріктеу кезеңінде қарсылас болды, ал Ресеймен және Кипрмен жолдастық кездесулер ғана өткізді.

Бельгиямен алғаш 2008 жылғы іріктеу кезеңінің іріктеу кезеңінде жолымыз түйісті. Сырт алаңда өткізген алғашқы кездесуде отандастарымыз 0:0 есебімен сенсацияға лайық есеп тіркесе, қарымта кездесуде Алматыда 0:2 есебімен жеңіліп жатып, есепті теңестіріп кетті. Одан кейін қос құрама 2012 жылғы құрлық біріншілігінің іріктеуінде жолықты. Екі кездесуде де Бельгия құрамасы біздің команданы сенімді түрде жеңді. Демек, енді Қазақстан мен Бельгия үшінші рет Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде кездеспек.
16.08.2006 ж. Брюссель. Бельгия – Қазақстан – 0:0
12.09.2007 ж. Алматы. Қазақстан – Бельгия – 2:2 (Бяков, 40, Сымақов, 76-пенальтиден – Герертс, 12, Миральяс, 24)
08.10.2010 ж. Астана. Қазақстан – Бельгия – 0:2 (Огунжими, 52, 70)
07.10.2011 ж. Брюссель. Бельгия – Қазақстан – 4:1 (Симонс, 40-пенальтиден, Азар, 43, Компани, 49, Огунжими, 84 – Нұрдәулетов, 86)

Ресей құрамасымен Қазақстан екі рет жолдастық кездесуде жолығып, алғашқысында өз тарихындағы ең ірі жеңілісті қайталады. Екінші кездесуде Химки қаласындағы ойын тең аяқталды.
23.05.2008 ж. Мәскеу. Ресей – Қазақстан – 6:0 (Погребняк, 26-пенальтиден, Быстров, 45+1, Зырянов, 59, Біләлетдинов, 85, Торбинский, 89, Сычев, 90+2)
31.03.2015 ж. Химки. Ресей – Қазақстан – 0:0

Кипр құрамасы 2004 жылы өз еліндегі дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстанмен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Одан кейін екі құрама 2017 жылы жолдастық кездесу өткізіп, тағы да аралдықтардың асығы алшысынан түсті.
21.02.2004 ж. Лимассол. Кипр – Қазақстан – 2:1 (Хараламбидес, 3, Михаель, 8 – Узденов, 68)
22.03.2017 ж. Ларнака. Кипр – Қазақстан – 3:1 (Митидис, 55, Кателарис, 62, Христофи, 67 – Нөсербаев, 29)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here