epa07119591 Diana Mary Weicker of Canada (L) wins against Zhuldyz Eshimova of Kazakhstan in the bronze match of the women's 53kg category of the Wrestling World Championships in Budapest, Hungary, 25 October 2018. EPA-EFE/Szilard Koszticsak HUNGARY OUT

Қазақстандық балуан қыздардың ішінде Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова мен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Жұлдыз Ешімова жүлдеге барынша жақындап еді. Эльмира ширек финалда жеңіліп, қарсыласы финалға өткен соң, жұбаныш белдесулеріне мүмкіндік иеленді. Бірақ эстон қызы Епп Маеден 3:5 есебімен жеңілді. Ал Жұлдыз жұбаныш белдесуін сәтті өткізгенмен, қола үшін күресте канадалық балуаннан бір ұпай артта қалды.

50 келі. 1/8 финал. Валентина Исламова-Брик (Қазақстан) – Оксана Ливач (Украина) – 2:4

53 келі. 1/8 финал. Жұлдыз Ешімова (Қазақстан) – Сара Анн Хильдебрандт (АҚШ) – 1:5
Жұбаныш белдесуі. Ж.Ешімова – Анжела Дороган (Әзербайжан) – 5:3
Қола жүлде үшін. Ж.Ешімова – Диана Уайкер (Канада) – 2:3

57 келі. Іріктеу. Эмма Тисина (Қазақстан) – Гилия Родригес де Оливейра (Бразилия) – 2:5

62 келі. Іріктеу. Аяулым Қасымова (Қазақстан) – Аслы Түкші (Түркия) – 6:8

68 келі. Іріктеу. Екатерина Ларионова (Қазақстан) – Бестле Алтуг (Түркия) – 4:2
1/8 финал. Е.Ларионова – Оливия Ди Бакко (Канада) – 0:11

72 келі. 1/8 финал. Жәмилә Бақбергенова (Қазақстан) – Самар Хамза (Египет) – 4:6

76 келі. Іріктеу. Эльмира Сыздықова (Қазақстан) – Екатерина Букина (Ресей) – 9:8
1/8 финал. Э.Сыздықова – Киран Киран (Үндістан) – 12:2
¼ финал. Э.Сыздықова – Аделин Мария Грей (АҚШ) – 6:7
Жұбаныш белдесуі. Э.Сыздықова – Епп Мае (Эстония) – 3:5

Әйелдер арасында Жапония балуандары топ жарды. Олар 57 (Юи Сисаки), 53 (Харуна Окуно), 55 (Маю Мукаида) және 59 келі (Рисако Кауаи) салмақ дәрежелерінде алтын жеңіп алды. Басқа салмақтағы бас жүлделер Қытайға (Роң Ниңниң, 57), Болгария (Тайбе Юсейн, 62), Финляндияға (Петра Олли, 65), Украинаға (Алла Черкасова, 68), Канадаға (Юстина ди Стейсио, 72) жіне АҚШ-қа (Аделин Грей, 76) бұйырды.

EPA фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here