Хорватия құрамасының шабуылшысы М.Манджукич әлем чемпионаттарының финалында өз қақпасына гол соққан алғашқы футболшы болып отыр.

Дегенмен әлемдік сында бір матчта өз қақпасын да, қарсылас қақпасын да таңбалаған жалғыз Манджукич емес. 1978 жылы Италияға қарсы жартылай финалда голландиялық футболшы Ерік Брандтс та ойын барысында есімін екі рет таблоға жазған еді. Бірақ Манджукич финалда осылай көзге түсу арқылы, Брандтс нәтижесінен асып түсіп отыр.

Франция құрамасының қорғаушысы Рафаэль Варан биыл Чемпиондар лигасын да, әлем чемпионатын да жеңіп алды. Оған дейін мұндай жетістікке Кристиан Карамбе, Роберто Карлос және Сами Хедира жеткен-ді. Осы төрт футболшы да «Реал» өкілдері болды.