Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Айдова еліміздің жаңа рекордын жасады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол 1500 метрді 1.53.53 уақыт көрсеткішімен жүгіріп өтіп, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, осы қашықтықтағы ел рекордын жаңартты. Ұйымдастырушылар ең үздік шетелдік спортшыға берілетін сыйлықты да Айдоваға табыстады.

Бұған дейін Екатерина осы жарыста 3000 метр қашықтықтың күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Ал 10000 метрге жүгіруде Дмитрий Морозов 13.03,94 уақыт көрсетіп, мәреге төртінші болып жетті. Бұл көрстекіш те – Қазақстан рекорды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here