Әлем чемпионатының бас мергені атағы Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн (6 гол) жеңіп алды. Бірақ плей-оффта жалғыз гол енгізіп, бесеуін топтық турнирде тіркеген Кейннің нәтижесіне көп ешкім елеңдей қоймады. Өйткені, 2006 жылдан бері әлем чемпионаттарының бас мергендері дәл осы 6 голдан аса алмай келе жатыр.

Франция құрамасының шабуылшысы Антуанн Гризманн биылғы әлемдік доданың ең нәтижелі футболшысы болып танылды. Ол «гол+пас» жүйесі бойынша 7 ұпай жинады: қарсыластар қақпасына 3 гол соқты, үш гол пасын шығарып берді. Екінші орында – Х.Кейн (6+0), үшінші орында – Марио Манджукич (Хорватия, 3+3).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here