16-26 сәуір аралығында Бангкокта (Тайланд) бокстан Азия чемпионаты өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев құрлық бәсекесінде бақ сынайтын боксшыларды атады.

Олар – Теміртас Жүсіпов (49 келі), Әнуар Мұзапаров (52), Қайрат Ералиев (56), Зәкір Сафиуллин (60), Санатәлі Төлтаев (64), Асланбек Шымбергенов (69), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91), Қамшыбек Қоңқабаев (+91).

«Азия чемпионатында біз өзімізге зор мақсат қойып отырмыз. Барлық салмақ дәрежесінде жүлдеге таласпақ ойымыз бар. Оқу-жаттығу жиындарын Алматыда аяқтаймыз. Азияда бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Өзбекстан, Тайланд, Үндістан және Филиппин боксшылары біздің негізгі қарсыласымыз болады», – дейді Ғ.Кенжебаев.

Бұған дейінгі Азия чемпионаты 2017 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Жергілікті боксшылар 10 салмақтың тоғызында топ жарып, жалпыкомандалық есепте алда болды. Біздің В.Левит қана 91 келіде чемпион атанып, өзбек боксшыларының барлық алтынды иеленуіне жол бермеді. Үш боксшымыз (А.Жүсіпов, Е.Әлжанов, Қ.Қоңқабаев) – күміс, төрт боксшымыз (А.Исақұлов, Қ.Ералиев, Б.Ибрагимов, Ә.Аманқұл) қола иеленді.

Ал төрт жыл бұрын осы Бангкокта өткен Сары құрлық додасында біздің боксшылар бес алтынмен топ бастаған еді.

Азия додасына қатысатын боксшылардың биылғы нәтижелері мынадай:

И.Бошкай мемориалы, (Дебрецен, Венгрия, 6-10 ақпан)

Т.Құлахмет — жеңімпаз. Ширек финал. Льюис Ричардсон (Англия) – 5:0

Вадим Туков (Ресей) – 5:0; Жартылай финал. Франсиско Даниел Верон (Аргентина) – 5:0; Финал. Бартош Голебиевски (Польша) – 5:0

«Странджа» халықаралық турнирі, (София, Болгария, 14-19 ақпан)

Т.Жүсіпов – күміс жүлдегер. Ахмед Акил (Шотландия) – 5:0; Ергюнал Сабри (Болгария) – 5:0; Леандро Хосе Бланк (Аргентина) – 4:1; Амит (Үндістан) – 0:5

Ә.Мұзапаров: Іріктеу кезеңі. Гаурав Соланки (Индонезия) – 2:3

Қ.Ералиев: Іріктеу кезеңі. Боян Асенов (Болгария) – 2:3

З.Сафиуллин – күміс жүлдегер. Франческо Майетте (Италия) – 5:0, Отар Ераносян (Грузия) – 4:1; Шункор Әбдірасулов (Өзбекстан) – 4:1; Артур Сүбханқұлов (Ресей) – 1:4

С.Төлтаев – күміс жүлдегер: Максимилиано Одди (Аргентина) – 4:1; Ки Шеңзе (Қытай) – 5:0; Вандерсон Оливейра (Бразилия) – 3:2; Алексей Мазур (Ресей) – 2:3

Б.Нұрмағамбет: Іріктеу кезеңі. Атиф Оберлтон (АҚШ) – 2:3

В.Левит – күміс жүлдегер: Санжар Тұрсынов (Өзбекстан) – 5:0; Джаред Андерсон (АҚШ) – 4:1; Абнер Жуниор (Бразилия) – 4:0; Садам Магомедов (Ресей) – 1:4

Қ.Қоңқабаев: Іріктеу кезеңі. Мұжахит Ілияс (Түркия) – ІІ раундта таза жеңіс; Ширек финал. Петар Белберов (Болгария) – 2:3

Ұлы Жібек жолы турнирі (Баку, 30 наурыз – 2 сәуір)

Асланбек Шымбергенов: Іріктеу кезеңі. Елабидин Амруг (Марокко) – 4:1; Ширек финал. Темірлан Магомедов (Ресей) – 0:5

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here