Әлем чемпионатына қатысатын командалар 3 маусым күні ойыншылар тізімін толық жариялап, тастүйін дайындыққа көшкен-ді. Алайда жаттығу кезінде Аргентина мен Колумбия бір-бір жауынгерінен айырылып қалды. Аргентиналық жартылай қорғаушы Мануель Лансини тізесінің алдыңғы айқыш байланыстырғыштарын үзіп алды. Ал колумбиялық қорғаушы Френк Фабра тізесін қатты жарақаттады.
Олардың орнына жаңа футболшылар да тез шақырылды. Енді Лансинидің орнына – Энцо Перес («Ривер Плейт»), Фабраның орнына Фарид Диас («Олимпия») ойнайды.
Жалпы, жарақат салдарынан мундиальдан тыс қалған мықты футболшылардың символикалық құрамасын да жасақтауға болады. Қақпашы Серхио Ромеро (Аргентина), қорғаушылар Георгий Джикия (Ресей), Лоран Косьельны (Франция), Френк Фабра (Колумбия), Дани Алвес (Бразилия), Виктор Васин (Ресей), жартылай қорғаушылар Юсеф Мсакни (Тунис), Мануель Лансини (Аргентина), Алекс Окслейд-Чемберлен (Англия), Димитри Пайе (Франция), Ларс Штиндль (Германия), шабуылшылар Никлас Бендтнер (Дания), Александр Кокорин (Ресей) өз командаластарына тілеулес қана бола алады.
Жарақат салдарынан ӘЧ-ге қатыса алмайтын футболшылардың символикалық құрамасы: