Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі
Қарымта матч
«Атлантас» (Литва) — «Қайрат» — 1:2 (Чиофу, 12 — Иличевич, 35-пенальтиден, Гоу, 39)
Сырт алаңда Клапейданың «Атлантас» командасын 2:1 есебімен ұтып, «Қайрат» еурокубоктар тарихындағы 3 елеулі табысына қол жеткізді.
1. «Қайрат» еурокубоктардағы жеңістер санын 12 матчқа жеткізіп, Қазақстан командалары арасында бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға көтерілді. Бірінші орын — «Ақтөбе» еншісінде — 15 жеңіс. Үшінші көрсеткіш — «Шахтерге» тән (11 жеңіс). «Астананың» әзірше 10 жеңісі бар. Жалпы, «Қайрат» еурокубоктарда осы уақытқа дейін 24 кездесу өткізсе, соның тең жартысын жеңіспен аяқтады. Мұндай көрсеткішке Қазақстанның басқа ешбір командасы жеткен емес. «Ақтөбе» — 15 жеңіс (46 матч), «Шахтер» — 11 (30), «Астана» — 10 (34), «Тобыл» — 9 (24).
2. «Қайрат» — еурокубоктардағы доп айырмасын өз пайдасына аударған алғашқы команда. Алматылықтар 24 кездесуде қарсыластар қақпасына 36 гол соғып, өз қақпасына 24 гол жіберді (доп айырмасы — +12). «Ертіс» осы жолы сырт алаңда «Дунавты» (Болгария) 2:0 есебімен жеңіп, доп айырмасын +2-ге жеткізді (14 матч, 14:12). Қазақстанның басқа командаларының бәрінің еурокубоктағы доп айырмасы «минусқа» кеткен. «Ақтөбе» — -11 (53:64), «Астана» — -10 (40:50), «Тобыл» — -4 (22:26), «Шахтер» — -1 (39:40).
3. «Қайрат» — еурокубоктарда қарсыласын 2 матч қорытындысында 7 доп айырмасымен жеңген алғашқы командамыз («Атлантас» — 6:0, 2:1). Қазақстанның басқа командаларының жоғары көрсеткіштері мынадай:
«Ақтөбе» — +6 (2009 ж. «Хафнарфьордур», Исландия — 4:0, 2:0)
«Шахтер» — +5 (2014 ж. «Ширак», Армения — 4:0, 2:1)
«Астана» — +5 (2014 ж. «Пюник», Армения — 4:1, 2:0)
«Тобыл» — +4 (2003 ж. «Полония», Польша — 3:0, 2:1)
2016 жылы «Қайрат» Албанияның «Теута» командасын 6 доп айырмасымен (1:0, 5:0) ұтқан болатын. Биыл сол көрсеткішін 1 допқа жаңартты.