Боксшы Иван Дычко кеше нигериялық Эфе Аджагбуды 3:0 (29:28, 29:28, 29:28) есебімен ұтып, Рио олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл кезеңде ол Джо Джойспен (Ұлыбритания) қолғап түйістіреді.
Дычко осымен екінші рет олимпиаданың жартылай финалына шығып отыр. 2012 жылы Лондонда ол Энтони Джошуадан 11:13 есебімен жеңілді. Джошуа да Ұлыбританиядан еді, артынша олимпиада жеңімпазы атанды. Міне, биылғы жартылай финалда да оның отандасы Дычкоға қарсылас болмақ.
Иван Дычко олимпиялық ойындардың екі медалін иеленетін төртінші боксшымыз болады. Оған дейін Болат Жұмаділов (1996-2000, екі күміс), Ермахан Ыбырайымов (1996-2000, қола және алтын) көзге түсті. Биыл Әділбек Ниязымбетов екінші рет финалға шығып отыр.