Ұлттар лигасы. D1 тобы
3 тур. 13 қыркүйек

Латвия – Қазақстан – 1:1 (Карашаускс, 40 – Зайнутдинов, 16)

Қазақстан құрамасының және «Астананың» жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы үшінші добын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол құрама тарихындағы үздік мергендер сегіздігіне енді. Ол Р.Балтиев (13 гол), В.Зубарев (12), С.Хижниченко, Д.Бяков (8 гол), Н.Жұмасқалиев (7), О.Литвиненко, И.Авдеев, С.Остапенко (6), Қ.Нұрдәулетов, Ю.Логивненко (5), А.Қадырқұлов, А.Клишин, А.Финонченко (4) сияқты мергендерден кейінгі орында А.Нұрғалиев, Ұ.Қонысбаев, И.Қуат, т.б. футболшылармен бірге тұр.

Өткен жылы «Тараз» сапында үлкен футболдағы ғұмырын бастап, Зайнутдинов премьер-лигада 7 гол авторы атанған еді. Биыл «Астана» сапына ауысқан соң, ол премьер-лигадан бөлек, еурокубокта да, ұлттық құрама сапында да мергендік танытты. Ең бастысы, маусым аяқталмай жатып, ол өткен жылғы рекордын (7 гол) жаңартып үлгерді. Латвия қақпасына соққан добы – Бақтиярдың биылғы сегізінші голы. Бұған дейін Зайнутдинов құрама сапында Венгрия және Әзербайжан қақпаларын дәл көздеген еді.