«Шахтер» — «Атырау» — 3:0 (Кояшевич, 35, Шахметов, 74, Тарасов, 87)

Қазақстан премьер-лигасы
15 тур. 23 маусым

* «Шахтер» 6 матчқа созылған жеңіліс сериясын аяқтады. Бұған дейін қарағандылықтар 9 мамырдан 18 маусымға дейін қатарынан 6 мачта қарсыластарына есе жіберген болатын. Әзірше чемпионатта дәл «Шахтердей» жеңіліс сериясын жасаған команда жоқ.
* Осыған дейінгі 6 кездесуде қарағандылықтар қарсыластар қақпасына ешбір гол соға алмай, өз қақпасына 9 гол жіберіп алған еді.
* «Шахтер» осы матчта биылғы соққан гол санынан 10-нан асырды (11 гол). «Шахтерден» де аз доп соққан 2 команда бар: «Қайсар» — 9, «Атырау» — 10 гол.
* Бұл матчта «Атыраудың» негізгі құрамында Қазақстан азаматтығын әр жылдары алған Марат Хайруллин, Эдуард Сергиенко, Игорь Зеньковичті есептемегенде, бір де бір легионер болған жоқ.
* «Шахтердің» қорғаушысы Марат Шахметов бір күні кем дәл бір жылдан кейін гол соқты. Өткен жылы 24 маусымда ол «Тобыл» қақпасына жеңіс голын (1:2) енгізген еді.
* Дамир Кояшевич биыл «Шахтер» соққан 11 голдың төртеуін енгізді. Яғни, ол кеншілер голының 36,36 пайызын соқты.
* 6 турда қатар жеңілгеніне қарамастан, «Шахтер» қорғанысының әлсіздігі жөнінен ҚПЛ-дағы небары бесінші команда. Кеншілерден де өз қақпасына аз гол жіберіп алған – «Астана» (9), «Қайсар» (11), «Қайрат» пен «Тобыл» (13) командалары ғана.

(shakhter.kz фотосы)