Нигерия – Аргентина – 1:2 (Мозес, 51-пенальтиден – Месси, 14, Рохо, 86)
D тобы. ІІІ тур
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси бұл матчта үш ерекше жетістікке қол жеткізді.
Біріншісі- ол өмірінің үш ондығында әлемдік додалаларда гол соққан тұңғыш футболшы атанды.
2006 жылы 16 маусымда Германияда Месси 19 жасына 8 күн қалғанда Сербия және Қаратау құрамасының қақпасына гол соқты.
2014 жылы Бразилияда ол Босния, Иран және Нигерия (екі рет) құрамаларының қақпасына 4 дәл соққы жасады. Бұл кезде Лионель жиырманың ішінде, дәлірек айтқанда, тура 27 жаста еді.
Енді, міне, 31 жастан екі күн асқанда тағы да Нигерияға гол соғып отыр.
Сондай-ақ, Мессидің биыл Нигерия қақпасына енгізген добы Ресей-2018 додасындағы жүзінші гол болып тіркелді.
Үшінші жетістік Мессиге ғана емес, Диего Марадона мен Габриель Батистутаға да ортақ. Месси Марадона мен Батистутадан кейін үш әлем чемпионатында гол соққан үшінші аргентиналық мерген атанып отыр.
(fifa.com фотосы)