Әлем чемпионатындағы 64 кездесуде 169 гол соғылды. Бұл әлемдік додалар тарихындағы рекордтан екі доп кем. 1998 және 2014 жылдары қақпаларға 171 голдан еніпті.

Биылғы ең нәтижелі команда – Бельгия. «Қызыл сойқандар» 16 рет қарсы қақпаны таңбалапты. Тіпті бұл елде бір компания құрама футболшылары 14 гол соқса, клиенттерге сатып алған теледидарларының ақшасын қайтарып беретінін жариялаған-ды. Бельгия құрамасының шабуылшысы Дрис Мертенс командаластарына осы акция жайлы үнемі ескертіп, жеңіске жігерлендіріп отырды. Нәтижесінде, бельгиялықтар компания қойған межеден екі гол асып түсті. «Айтқан сөз – атылған оқ», енді уәде берушілер тегін теледидар таратып жатқан болар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here