Қазақстан – Әзербайжан – 3:0 (Муртазаев, 12, Мұжықов, 14, Зайнутдинов, 90)

Бақтияр Зайнутдинов Қазақстан құрамасы тарихындағы отызыншы джокер болып тіркелді. Ол Қазақстан – Әзербайжан (3:0) кездесуінің 64 минутында Серікжан Мұжықовты алмастырып, 90 минутта матч нүктесін қойды.

Жалпы Қазақстан құрамасы 185 кездесуде 195 гол соқса, соның 36-сын джокерлер (18,46%) енгізген. Ең алғашқы джокеріміз – Бақтияр Байсейітов. 1992 жылы КХДР астанасы Пхеньян қаласында Қазақстан Ливиямен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама бапкері Байсейітов 60 минутта Асқар Әбілдаевтың орнына өзі шығып, 78 минутта жеңіс голын соқты.

Қазақстан құрамасының джокерлері: 

Матч Күн Турн Джокер Шықты Гол Уақыт Кімді алмастырды Есеп
1. Қазақстан – Ливия – 1:0 03.07.1992 ЖК Б.Байсейітов 60 78 19 А.Әбілдаев 1:0
2. Түркменстан – Қазақстан – 1:1 14.09.1992 ЖК А.Әбілдаев 46 57 12 Т.Тұрмағамбетов 1:1
3. Қырғызстан – Қазақстан – 1:1 26.09.1992 ЖК Қ.Әубәкіров 46 60 15 А.Скляров 0:1
4. Пәкстан – Қазақстан – 0:7 11.06.1997 ӘЧІ Н.Мазбаев 49 53 4 Б.Есмағамбетов 0:4
5. Пәкстан – Қазақстан – 0:7 11.06.1997 ӘЧІ В.Зубарев 58 64 7 В.Логинов 0:5
6. Пәкстан – Қазақстан – 0:7 11.06.1997 ӘЧІ В.Зубарев 58 68 11 В.Логинов 0:6
7. Пәкстан – Қазақстан – 0:7 11.06.1997 ӘЧІ В.Зубарев 58 72 15 В.Логинов 0:7
8. Қазақстан – Өзбекстан – 1:1 20.09.1997 ӘЧІ Р.Балтиев 46 84 39 А.Ниязымбетов 1:0
9. Қазақстан – Оңтүстік Корея – 1:1 11.10.1997 ӘЧІ П.Евтеев 46 50 5 А.Тетушкин 1:1
10. Қазақстан – БАӘ- 3:0 18.10.1997 ӘЧІ Д.Юрист 68 72 5 В.Зубарев 3:0
11. Қазақстан – Қатар – 2:0 10.12.1998 АО Н.Мырзабаев 83 90 8 Р.Балтиев 2:0
12. Қазақстан – Пәкстан – 4:0 08.04.2000 АЧІ А.Клишин 46 72 27 А.Мирошниченко 4:0
13. Қазақстан – Непал – 6:0 12.04.2001 ӘЧІ Е.Лунев 61 73 13 Д.Бяков 4:0
14. Қазақстан – Макао – 3:0 14.04.2001 ӘЧІ О.Литвиненко 46 55 10 В.Богатырев 2:0
15. Фарер – Қазақстан – 3:2 27.04.2003 ЖК Е.Лунев 46 56 11 А.Шатских 3:1
16. Армения – Қазақстан – 3:3 19.02.2004 ЖК А.Финонченко 46 76 31 В.Абрамов 3:2
17. Кипр – Қазақстан – 2:1 21.02.2004 ЖК Р.Узденов 63 70 8 А.Богомолов 2:1
16. Қазақстан – Әзербайжан – 2:3 28.04.2004 ЖК Е.Лунев 62 80 19 О.Лотов 2:2
17. Албания – Қазақстан – 2:1 03.09.2005 ӘЧІ М.Низовцев 53 64 12 М.Байжанов 2:1
18. Қазақстан – Тәжікстан – 4:1 02.07.2006 ЖК М.Тілешев 60 90 31 Э.Сергиенко 4:1
19. Вьетнам – Қазақстан – 2:1 26.12.2006 ЖК М.Сүйеумағамбетов 55 57 3 М.Тілешев 1:1
20. Тайланд – Қазақстан – 2:2 28.12.2006 ЖК Д.Родионов 55 66 12 Ж.Көкеев 2:1
21. Қазақстан – Әзербайжан – 1:0 09.03.2007 ЖК А.Финонченко 79 80 2 М.Сүйеумағамбетов 1:0
22. Беларусь – Қазақстан – 1:1 09.02.2011 ЖК С.Остапенко 46 90 45 Н.Жұмасқалиев 1:1
23. Қазақстан – Сирия – 1:1 10.08.2011 ЖК Ж.Көкеев 46 70 25 Т.Нөсербаев 1:1
24. Әзербайжан – Қазақстан – 3:2 06.09.2011 ЕЧІ В.Евстигнеев 77 77 1 М.Рожков 3:2
25. Бельгия – Қазақстан – 4:1 07.10.2011 ЕЧІ Қ.Нұрдәулетов 61 86 26 Ж.Көкеев 4:1
26. Қазақстан – Болгария – 1:2 04.06.2013 ЖК Д.Шомко 46 90 45 А.Нұрғалиев 1:2
27. Қазақстан – Фарер – 2:1 06.09.2013 ӘЧІ А.Финонченко 46 63 18 А.Щеткин 2:1
28. Литва – Қазақстан – 1:1 05.03.2014 ЖК Н.Жұмасқалиев 46 69 24 А.Щеткин 1:1
29. Қазақстан – Тәжікстан – 2:1 12.08.2014 ЖК Ұ.Қонысбаев 46 63 18 Б.Жолшиев 2:1
30. Қазақстан – Қырғызстан – 7:1 05.09.2014 ЖК Б.Жолшиев 58 69 12 С.Хижниченко 5:0
31. Қазақстан – Қырғызстан – 7:1 05.09.2014 ЖК Ұ.Қонысбаев 46 80 34 Т.Нөсербаев 6:1
32. Қазақстан – Қырғызстан – 7:1 05.09.2014 ЖК А.Нұрғалиев 64 86 23 Б.Исламхан 7:1
33. Қытай – Қазақстан – 0:1 07.08.2016 ЖК А.Нұрғалиев 59 68 10 С.Хижниченко 0:1
34. Румыния – Қазақстан – 3:1 05.10.2017 ӘЧІ Б.Тұрысбек 65 82 28 А.Тағыберген 3:1
35. Болгария – Қазақстан – 2:1 26.03.2018 ЖК Е.Тұңғышбаев 46 55 10 С.Хижниченко 1:1
36. Қазақстан – Әзербайжан – 3:0 05.06.2018 ЖК Б.Зайнутдинов 64 90 27 С.Мұжықов 3:0

Ескерту: ЖК – жолдастық кездесу, ӘЧІ – әлем чемпионатына іріктеу, АО- Азия ойындары, ЕЧІ – Еуропа чемпионатына іріктеу.

Қазақстан құрамасы джокерлері соққан голдардың маңызы:
Жеңіс голы – 5
Тең ойын – 6
Есеп ашу – 4
Есепті үстеу – 15
Есеп айырмасын қысқарту – 11

Ең үздік джокер – Е.Лунев. Ол құрама сапындағы 3 голын да ойынға екінші таймда араласып соқты. Екінші орында – А.Финонченко. Қарағандылық шабуылшы құрамадағы 4 голының үшеуін джокер ретінде соққан.

Джокер соққан ең жылдам гол – Виталий Евстигнеевтікі. Ол 2011 жылдың 6 қыркүйегінде Еуропа чемпионатына іріктеу ойынында Бакуда Әзербайжан қақпасына алаңға шыға салып гол соқты.

Бір матчта ең көп гол соққан джокер – Виктор Зубарев. Ол әлем чемпионатына іріктеу ойынында (11.06.1997) Лахор қаласында Пәкстан қақпасына 64 және 72 минуттар аралығында хет-трик жасады. Ол алаңға 58 минутта Владимир Логиновтың орнына шыққан болатын.

Джокерлеріміз ең көп гол енгізген матч та – дәл сол Пәкстан – Қазақстан (0:7) кездесуі. Бұл ойында джокерлер Нұркен Мазбаев пен Зубарев 4 рет мергендік танытты. Екінші «джокерлік» матч – Қазақстан – Қырғызстан – 7:1 (05.09.2014). Бұл кездесуде алаңға екінші таймда шыққан Бауыржан Жолшиев, Ұлан Қонысбаев және Азат Нұрғалиев есепті ұлғайтты.

(kff.kz фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here