Қазақстан премьер-лигасы
13 тур. 31 мамыр
«Қайсар» — «Астана» — 0:2 (Твумаси, 22, Мұжықов, 65)

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян осы матчтан кейін отставкаға кетті.

38 жастағы маман осымен екінші рет «Астана» тізгінін ұстап, екіншісінде де жол ортадан кетіп отыр. 2014 жылы Бабаян 20 маусымға дейін бас бапкер болды да, Станимир Стойловқа орын босатты.

Көрсеткіштері:
Премьер-лигада өткізген ойын саны — 31 (19-7-5).
Доп айырмасы — 50:20
Ең ірі жеңісі — 6:1 — «Ертіс (07.04.2018), 5:0 — «Спартак» (01.05.2014)
Ең ірі жеңілісі — 0:3 — «Ақжайық» (23.05.2018)

Қазақстан кубогында өткізген ойын саны — 3 (2-0-1)
Доп айырмасы — 6:3

Жеңіп алған жүлдесі:
Қазақстан суперкубогы (2018)

2014 жылы да, биыл да Г.Бабаян еурокубок ойындары қарсаңында бас жаттықтырушылықтан кетті.

(fca.kz фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here