Қазақстан премьер-лигасы
30 тур. 15 қазан
«Шахтер» — «Қайсар» — 2:1 (Зошак, 31, Стоянович, 47 — Жанғылышбай, 77)

«Қайсардың» шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай осы матчта өз ғұмырындағы елеулі нәтижелерге қол жеткізді:

1. Ол тұңғыш рет екі ойында қатар гол соқты. 29 турда Тоқтар 87 минутта «Оқжетпес» қақпасын дәл көздеп, «Қайсарға» жеңіс сыйлаған еді.

2. Жанғылышбай биылғы маусымда 5 гол авторы атанып (ҚПЛ — 4, Қазақстан кубогы — 1), өз рекордын жаңартты. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылдары 4 рет дәл соққы жасаған болатын.

3. 2015 жылы «Шахтерден» кеткен соң, Тоқтар өзін тәрбиелеген команданың қақпасына 3 доп енгізді. 2016 жылы — «Ақтөбе» сапында, биыл «Тобыл» мен «Қайсар» сапында «Шахтер» қақпасына гол соқты.

4. 2015 жылдан бері Жанғылышбай бір маусымда 2 команданың сапында өнер көрсетіп келеді. 2015 жылы — «Астана» мен «Қайратта», 2016 жылы — «Ақтөбе» мен «Жетісуда», 2017 жылы «Тобыл» мен «Қайсарда» ойнады. Былтырдан бергі 4 командасының құрамында да мергендік танытты.