Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек құрамада өткізген алғашқы 3 кездесуінде 2 гол соғып көзге түсті. Бұл көрсеткіш құрамамыздың тарихындағы бесінші үздік нәтиже болып саналады. Ұлттық құрама сапындағы алғашқы 3 кездесуінде ең көп гол соққан — Виктор Зубарев.
1. Виктор Зубарев — 4 гол (1997 жыл. Пәкістан — 3 гол, Өзбекстан — 0, Жапония — 1)
2. Алексей Клишин — 3 гол (1997 жыл. Ирак — 1, Пәкістан — 1, Ирак — 1)
3. Болат Есмағамбетов — 3 гол (1997 жыл. Пәкістан — 2, Ирак — 0, Пәкістан — 1)
4. Дәуренбек Тәжімбетов — 3 гол (2011-2012 жылдар. Бельгия — 0, Латвия — 0, Қырғызстан — 3)
5. Сергей Хижниченко — 2 гол (2009 жыл. Украина — 0, Андорра — 2, Бельгия — 0)
Бауыржан Тұрысбек — 2 гол (2017 жыл. Қаратау — 0, Румыния — 1, Армения — 1)
Бұл қатарға құрамадағы алғашқы матчында (Әзербайжан) «дубль» жасаған Сергей Гридинді қосуға болады, алайда Сергей содан кейін мергендік танытқан жоқ.
Құрама сапындағы екінші кездесуінде алғашқы добын соққан мергендер тізімінде Б.Тұрысбек — он бірінші. Оған дейін әр жылдары Р.Дүзмәмбетов, В.Яблочкин, Д.Юрист, Р.Узденов, Ю.Аксенов, Д.Мұқанов, Д.Бяков, Н.Жұмасқалиев, С.Хижниченко, А.Финонченко секілді футболшылар Қазақстан құрамасындағы екінші ойындарында қарсыластар қақпасының кілтін тапты.