Чемпиондар лигасы
1 тур

«Барселона» — «Ювентус» — 3:0 (Месси, 45, 69, Ракитич, 56)
«Реал» — АПОЭЛ — 3:0 (Криштиану Роналду, 12, 51-пенальтиден, Серхио Рамос, 61)

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси биылғы Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде дубль жасады. Ол еурокубоктардағы нәтижелі соққыларының санын 99-ға жеткізді.
Бірақ ертеңіне оның басты бәсекелесі Криштиану Роналду да қарап қалмады. Ол да АПОЭЛ қақпасына екі рет таңбалады.
Қазір екі супермергеннің арасын 11 гол бөліп тұр. Роналдудың еншісінде 110 гол бар.
Л.Месси италиялық Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға төртінші ойында ақыры гол соқты. Бұған дейінгі үш кездесуде Джиджи аргентиналық мергеннің көзге түсуіне мүмкіндік бермеген еді. Ресей баспасөзі Мессидің 4 ойында тек «рубиндік» Сергей Рыжиков қақпасына доп соға алмағанын жарыса жазып жатыр.
«Ювентус» қақпасына 2 гол енгізіп, Месси өзін тағы даралады. Ол тоғыз жыл қатарынан кемі 40 гол соққан әзірше жалғыз мерген болып тұр. Кришитану Роналду одан 2 жыл қалыңқы. Португалия сиқыршысы 7 маусым қатарынан кемі 40 гол авторы атаныпты.

Мессидің соңғы 9 жылғы мергендік көрсеткіші мынадай:
2009 жыл — 41 гол
2010 жыл — 60
2011 жыл — 59
2012 жыл — 91
2013 жыл — 45
2014 жыл — 58
2015 жыл — 52
2016 жыл — 59
2017 жыл (аяқталған жоқ) — 40
Футболдағы ғұмырында Месси 709 ойын өткізіп, 573 гол соқты, 231 нәтижелі пас берді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here