Бүгін Астана уақытымен 23:00-де Еуропа лигасы топтық турнирінің 1 турында сырт алаңда «Астана» Испанияның «Вильярреал» командасымен кездеседі. Бұл ұжым елордалықтарға жақсы таныс. 2014/2015 маусымында екі команда Еуропа лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде жолықты. Екі кездесуде «Вильярреал» айқын басымдық танытты.

«Вильярреал» — қазақстандық клубтар еурокубоктарда алғаш кездескен испан командасы. 2015 жылы «Астана» Чемпиондар лигасының топтық турнирінде «Атлетикомен» сынға түсті. Испан командаларымен 4 кездесу нəтижесі мынадай:

1. 21.08.2014 жыл. ЕЛІ. Плей-офф. «Астана» — «Вильярреал» — 0:3 (Кани, 33, дос Сантос, 48, Гаспар, 84)
2. 28.08.2014 жыл. ЕЛІ. Плей-офф. «Вильярреал» — «Астана» — 4:0 (Виетто, 21, 54, Бруно Сориано, 61-пенальтиден, Н.Лейва, 67)
3. 21.10.2015 жыл. ЧЛ. 3 тур. «Атлетико» — «Астана» — 4:0 (Сауль, 23, Дж. Мартинес, 29, Оливер Торрес, 63, Дедечко, 89-өз қақпасына)
4. 03.11.2015 жыл. ЧЛ. 4 тур. «Астана» — «Атлетико» — 0:0

Испания клубтарымен 4 кездесуде:
* «Астана» 1 ұпай ғана алды.
* Сырт алаңдағы 2 ойында да 0:4 есебімен жеңілді.
* Өз қақпасына 11 гол жіберіп, өздері əлі 1 гол соққан жоқ.
* 2014 жылы «Астана-Аренада» «Вильярреалдан» 0:3 есебімен жеңілген соң, «Астана» одан кейінгі еурокубоктың 15 кездесуінде қарсыластарына өз алаңында есе жіберген жоқ.

Үш жылдан бері «Сары сүңгуірдің» («Вильярреалдың» жанама аты) құрамы едəуір өзгерді. «Астананы» 3:0 жəне 4:0 есептерімен жеңген құрамнан қазір С.Асенхо, Виктор Руис, Бруно Сориано, Д.Черышев, М.Тригерос, А.Марин, Хауме сынды футболшылар бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here