Польша — Қазақстан — 3:0
Голдар: 
Милик, 11 (1:0), Глик, 74 (2:0), Левандовски, 85-пенальтиден (3:0)

Ескерту: Дмитренко, 24, Сүйімбаев, 53, Логвиненко, 63, Қуат, 64
Польша: Фабианьски, Паздан, Мончиньски (Беднарек, 89), Милик, Левандовски, Макушевски (Блащиковски, 65), Гросицки (Теодорчик, 90+1), Рыбус, Глик, Зелиньски, Пищек
Қазақстан: Лория, Шомко, Дмитренко, Логвиненко, Ахметов, Сүйімбаев,  Бейсебеков (Тағыберген, 86), Дарабаев, Қуат, Хижниченко (Щеткин, 68), Муртазаев
Төреші: Андрис Трейманис (Латвия)
04.09.2017 ж. Варшава. «Народовы» стадионы. 57 000 көрермен

Бұл кездесуден кейін:

* Қазақстан құрамасы Польшамен 5 кездесудің төртеуінде ұтылды. Польша құрамасы Қазақстаннан ең көп ұпай алған 6 команданың қатарына енді.

* Қазақстан Польшадан екінші рет 0:3 есебімен жеңілді. Алғашқысы 2003 жылдың 6 маусымындағы жолдастық кездесуде болған еді.

* Қазақстан құрамасы өз тарихында 19-рет 0:3 есебімен жеңілді. Бұл көрсеткіш 1:2 есебінен (21 рет) және 1:1 есебінен (20) кейінгі үшінші орында.

* Қазақстан құрамасы осы іріктеу кезеңінде төртінші рет аса ірі есеппен жеңілді (Қаратау — 0:5, 0:3, Дания — 1:4, Польша — 1:4). ӘЧІ-06 іріктеу кезеңінде отандастарымыз — 12 кездесуде 3 рет (Түркия — 0:4, 0:6, Дания — 0:3), ЕЧІ-08-де — 14 ойында 1 рет (Португалия — 0:3), ӘЧІ-10-да — 12 ойында 5 рет (Хорватия — 0:3, Англия — 1:5, 0:4, Беларусь — 1:5, 0:4), ЕЧІ-12-де — 10 ойында 4 рет (Түркия — 0:3, Германия — 0:3, 0:4, Бельгия — 1:4), ӘЧІ-14-те — 10 кездесуде 3 рет (Австрия — 0:4, Германия — 0:3, 1:4), ЕЧІ-16-де 10 кездесуде 1 рет (Исландия — 0:3) ойсырай жеңілді. 

* Р.Левандовски — Қазақстан қақпасына 2 пенальти соққан үшінші ойыншы. Өткен жылғы кездесуде де ол пенальтиді мүлтіксіз тепкен еді. Оған дейін Р.Кин (Ирландия) және К.Ериксен (Дания) біздің қақпаға белгіленген 2 пенальтиді голға айналдырды. 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here