Ілияс СӘРСЕНБАЙ

Футболдан он жыл бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Республикасы Президенті кубогы» биыл 4-8 қыркүйек аралығында Талғардағы ұлттық құраманың жаттығу базасында өтпек. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жарысына 8 құрама қатысады. Олар төрт-төрттен екі топқа бөлінді. «А» тобында Қазақстан, Түркіменстан, Албания, Грузия құрамалары бақ сынаса, «В» тобында Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан жасөспірімдері өнер көрсетеді.

Қазақстан U17 құрамасының бас бапкері Ерлан Махамбедиев тізімге қосқан ойыншылар:
Қақпашылар: Дулат Батырханов («Қайрат»), Сергей Кляхин («Юг»).
Қорғаушылар: Асылбек Нұрсейітов, Жалғас Жақсылықов (екеуі де «Югтан»), Әділжан Дүйсембаев («Астана»), Рауан Аманжол, Руслан Жарлаев (екеуі де «Қайраттан»).
Жартылай қорғаушылар: Әлішер Ажимов, Алтынбек Нағашыбаев (екеуі де «Ақтөбеден»), Жауланбек Бабаназаров («Юг»), Шадыман Бәкіров, Федор Неумывакин, Илья Демин, Ұлықбек Хайтмұратов (барлығы «Қайраттан»), Данияр Үсенов («Каспий»).
Шабуылшылар: Станислав Басманов («Астана»), Даниал Закария, Алияр Мұхамед (екеуі де «Югтан»), Нұрасыл Ершуақ («Қайрат»), Дмитрий Савченко («Қызылжар»).

4 қыркүйек, Талғар (1-ойын күні)

Матч   ()Қарсыластар
   1Қырғызстан – Тәжікстан
   2Ресей – Өзбекстан
   3Албания – Грузия
  4Қазақстан – Түркіменстан

5 қыркүйек, Талғар (2-ойын күні)

Матч (№)Қарсыластар
   1Ресей – Қырғызстан
   2Өзбекстан – Тәжікстан
   3Грузия – Түркіменстан
   4Қазақстан – Албания

 7 қыркүйек, Талғар (3-ойын күні)

Матч  (№)         Қарсыластар
   1Өзбекстан – Қырғызстан
   2Тәжікстан – Ресей
   3Түркіменстан – Албания
   4Қазақстан – Грузия

 8 қыркүйек, Талғар (ынталандыру ойындары және финал)
10:00 – 7-8 орын үшін матч
12:00 – 5-6 орын үшін матч
14:00 – 3-4 орын үшін матч
18:00 – Финал.

2008 жылы бастау алған бұл шара Х рет өткізілгелі отыр. Осы ретте statsport.kz сайты жасөспірімдер жарысының тарихын, аталмыш додадағы қазақстандық аяқдопшылардың көрсеткішін, осы турнирден түлеп ұшқан футболшылар тізімін назарларыңызға ұсынады.

Жасөспірімдер аламанының алғашқы кездесуі 2008 жылы 26 сәуірде өтті. Сол жылғы турнирге «Зенит» (Санкт-Петербор), «Спартак» (Мәскеу), ЦСКА (Мәскеу), «Бесіктас» (Ыстамбұл, Түркия), «Динамо» (Минск, Беларусь), «Ден Хааг» (Нидерланд), «Оле Бразил» (Бразилия), ЦЕСНА (Алматы) ұжымдары қатысты. Командалар екі топқа бөлініп,өз квартетінде үздік атанған клуб ақтық ойынға жолдама алды. Финалда ЦСКА ойыншыларын 3:1 есебімен жеңген «Бесіктас» командасы жеңімпаз атанып, 10 000 АҚШ долларын жеңіп алды. Қола медалді мәскеулік «Спартак» еншіледі. Топтық кезеңнің 3 матчында 1 рет тең ойнап (ЦЕСНА – ЦСКА — 2:2), 2 мәрте жеңіліс тапқан («Ден Хааг» — 0:2, «Оле Бразил» -1:2) алматылықтар жетінші орын үшін өткен кездесуде «Динамо» (Минск) футболшыларына пенальтиден жол беріп, соңғы орынды иеленді. 4 кездесуде 5 гол соғып (Самбиев (3), Калинин, Артюнян), өз қақпаларына 8 доп жіберген.
4 ойында 7 гол жіберген Лев Горелик («Зенит») – үздік қақпашы, Өзмен Сезер («Бесіктас») – үздік қорғаушы, Петр Тен (ЦСКА) – үздік жартылай қорғаушы, 1 допты қанжығасына байлаған Томас Верхайт («Ден Хааг») – үздік шабуылшы атанды. 5 голдың авторы атанған Аплер Чакыроғлы («Бесіктас») – үздік сұрмерген, «Оле Бразилді» алға сүйреген Эндрю Эрики – ең үздік ойыншы, ЦЕСНА шабуылшысы Әлібек Самбиев көрермен көзайымы номинацияларында жеңімпаз атанды.

Келесі жылы өткен Президент кубогында қатысушылар тізімі жаңара түсті. «Зенит», «Бесіктас», «Динамо», ЦЕСНА командаларын «Абдыш-Ата» (Қырғызстан), «Академия» (Әзірбайжан), «Рубин» (Ресей), «Семей-93» ұжымдары алмастырды.
«Спартак» — ЦСКА кездесуінің 10-минутында көзге түскен Алексей Краснов турнирдегі алғашқы голды соқты. «В» тобында «Оле Бразил», «Ден Хааг», «Рубин» футболшыларымен күш сынасқан «Семей-93» командасы 1 жеңіс («Рубин» 1:0), 1 жеңіліс («Ден Хааг»), 1 тең ойын («Оле Бразил») тіркеп, топтық кезеңді үшінші сатыда аяқтады. Бесінші орын үшін болған матчта «Абдыш-Ата» ойыншыларын 4:1 есебімен жеңді. 4 ойында 6 рет қақпаны дәл көздеп (Қуат, Дәулетханов (2), Жақсылықов, Лунин, Саурамбаев), 3 допты өз қақпасына жіберіп алған.

2010 жылы 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында өткен жарыстың басты жаңалығы – 17 жасқа дейінгі Сербия құрамасының жарысқа қатысуы болды. Сербтер «Баку» (Әзірбайжан), ЦСКА (Ресей), «Галатасарай» (Түркия), «Зенит» (Ресей) командаларына 23 доп соғып, алтын жүлдені жеңіп алды.
Еліміздің намысын қорғаған ЦЕСНА-94 жарысты 4-сатыда аяқтады. 2 ойынды жеңіп («СУАР-94» (3:2), «Бунедкор» (1:0), 2 матчта үш ұпайдан қағылды («Зенит» (3:5), ЦСКА (1:1, пен: 7:8). Ли (3), Морозов (3), Макаев, Рыбалколар қанжығаларын майлап, Павлов пен Высоцкий 8 рет допты қақпадан алып шығуға мәжбүр болды. Турнир қорытындысы  бойынша Ринат Хайруллин үздік қорғаушы деп танылды.

2011 жылдан бастап Президент кубогы ФИФА мен УЕФА-ның жасөспірімдер футболын дамыту күнтізбесіне еніп, сол жылдан бастап жасөспірімдер құрамаларының айқасына айналды. Бұл жолғы жарысқа Қазақстан, Өзбекстан,Әзербайжан, Түркия, Украина, Армения, Грузия, және Иран құрамалары қатысты. Бүгінде премьер-лига командаларының жейдесін киіп жүрген Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Алтынбек Сапаров, Әлішер Сүлей (екеуі де «Атырау»), Игорь Антиповтар («Ақжайық») бастаған Қазақстан құрамасы Әзербайжан, Украина, Түркия аяқдопшыларын алдыға жіберіп, төртінші орынға жайғасты.

2012 жылдың күзінде өткен Президент кубогында Қазақстан жасөспірімдері алғашқы медалді қоржынға салды. Топтың кезеңнің бірінші кездесуінде Түркіменстанды 4:2 есебімен жеңіп, келесі ойында Венгрия футболшыларына жол берді. Армениямен өткен ойында Дидар Жалмұқанның жалғыз голы құрамаға жеңіс сыйлады. «А» тобында екінші орынға жайғасып, келесі төрттікте екінші орынды иеленген әзербайжандықтарды жеңді. Осылайша қола жүлдені қоржынға салды.

Араға жыл салып, 2013 жылдың 9-13 мамыр күндері «Астана Аренада» өткен турнирде Қазақстан құрама командасы жеңімпаз атанды. Константин Фролов шәкірттері төрт ойынның барлығын жеңіспен аяқтады (Қытай — 1:0, Қырғызстан — 3:0, Литва — 1:0), Иран — 1:0). Бүгінде «Қайрат» жастар командасында табысты доп теуіп жүрген Максим Котов, Рашид Люхай, Олег Грубов, Максим Гладченко сыңды жігіттер құраманы алға сүйреді. Қырағылығымен қақпаны берік ұстаған Олег Грубов – ең үздік қақпашы деп танылды.

2014 жылы VII мәрте жалауын желбіреткен додада қатысушылар саны екіге кеміді. Жарыста алғаш рет бой көрсеткен Испания құрамасы Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан футболшыларынан бір бас алда болып, финалдық кездесуде грузиндерді 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

2015 жылғы Президент кубогында да Қазақстан құрамасы қола жүлдеден қағылды. Топтық кезеңде 2 жеңіс (Қырғызстан — 3:1, Тәжікстан — 2:1), 1 рет жеңіліс тапты (Испания — 0:5). Ал үшінші орын үшін өткен ойында Грузия құрамасынан 1:8 есебімен тас-талқан болып жеңілді. Драмаға толы өткен финалдық кездесуде испан футболшылары Әзербайжан жастарын пенальтиден жеңіп кетті.

Қыста Ресейде өткен Гранаткин турнирінде күміс медалді жеңіп алған Талғат Кусяпов («Астана U21»), Жан-Али Пайруз, Айдос Орал (екеуі де — «Шахтер U21»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы U21»), Дарын Сүйіновтер («Қайрат U21») дәл осы жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасының намысын қорғаған болатын.

2016 жылғы Президент кубогы алғаш рет Шымкент қаласында өтті. Бұл турнирге ұлттық құрамадан бөлек, Бразилияның «Крузейро» командасында тәжірибе жинақтап жүрген «Крузейро-Қазақстан» командасы да сынға түсті. Бір аптаға созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы екінші рет чемпион атанды. Топтық кезеңнің үш ойынында да, финалдық кездесуде де қарсыластарынан айласын асырды (Қырғызстан — 2:1, «Крузейро-Қазақстан» — 4:0, Албания — 1:0), Тәжікстан — 2:1).
Гранаткин турнирінің үздік шабуылшысы атанған Еркебұлан Сейдахмет дәл осы жарыста көзге түскен болатын. 4 кездесуде 3 голды қанжығасына байлады («Крузейро-Қазақстан», Албания, Тәжікстан (финал).
Жарыс қорытындысы бойынша Еркебұлан Сейдахмет – ең үздік шабуылшы, команда капитаны Димаш Қашкен – ең үздік ойыншы мәртебесіне ие болды.

Назарларыңызға Президент кубогының барлық (10) финалдық кездесулерін ұсынамыз:

Жылы   Жеңімпаз Финалист       Есеп
 2008«Бесіктас»ЦСКА3:1
 2009«Оле Бразил»ЦСКА1:0
 2010Сербия«Зенит»7:0
 2011ӘзербайжанУкраина0:0 (пен: 5:4)
 2012ИранВенгрия3:1
 2013ҚазақстанИран1:0
 2014ИспанияГрузия6:1
 2015ИспанияӘзірбайжан1:1 (пен: 4:1)
 2016ҚазақстанТәжікстан2:1

Назарларыңызға Президент кубогы жайлы 10 деректі ұсынамыз:
Турнирдегі алғашқы гол: Евгений Полухин (ЦСКА);
Қазақстан футболшыларының алғашқы голы: Әлібек Самбиев (ЦЕСНА);
Турнирдегі ең ірі жеңіс: Сербия U17 – «Баку» (Әзірбайжан) 10:0 (2010 жыл);
Қазақстан футболшыларының ең ірі жеңісі: «Семей-93» – «Абдыш-Ата» 4:1 (2009 жыл);
Қазақстан футболшыларының ең ірі жеңілісі: Қазақстан – Грузия 1:8 (2015 жыл);
Турнирдің үздік сұрмергені: Александр Козлов («Спартак») 14 гол (2009 жыл);
Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені: Әлібек Самбиев (ЦЕСНА), Виталий Ли (ЦЕСНА-94), Владислав Морозов (ЦЕСНА-94), Еркебұлан Сейдахмет (Қазақстан U17) — барлығы 3 гол;
Ең көп жанкүйер жиналған кездесу: «Бесіктас» – ЦСКА (3:1) 16 000 (2008 жыл);

Турнир Алматыда 3 (2008, 2009, 2012), Астанада 5 (2010, 2011, 2013, 2014, 2015), Шымкентте 1 рет (2016) өтті;
Турнирді Қазақстан — 2 (2013, 2016), Испания — 2 (2014, 2015), «Бесіктас» — 1 (2008), «Оле Бразил» — 1 (2009), Сербия — 1 (2010), Әзербайжан — 1 (2011), Иран 1 рет (2012) жеңіп алды.

Назарларыңызға Президент кубогынан түлеп ұшқан футболшылар тізімін ұсынамыз:
Исламбек Қуат («Семей-93»). Қазіргі клубы: «Қайрат»;
Виталий Ли (ЦЕСНА-94). Қазіргі клубы: «Ордабасы»;
Станислав Лунин («Семей-93»). Қазіргі клубы: «Қайрат»;
Абат Айымбетов (Қазақстан U17, 2011 жыл). Қазіргі клубы: «Ақтөбе»;
Еркебұлан Сейдахмет (Қазақстан U17, 2016 жыл). Қазіргі клубы: «Тараз».

Алдағы Президент кубогынан кейін Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Франция, Словения, Беларусь жасөспірімдеріне қарсы ойнайды.