Қазақстан премьер-лигасы
11 тур. 6 мамыр
«Тобыл» — «Астана» — 1:1 (Щеткин, 71 — Кабананга, 75)
Қостанайлықтардың шабуылшысы А.Щеткин Қазақстан премьер-лигасындағы 40-голын соқты.
Алғашқы доптарын ол 2010 жылдың 22 маусымында Оралда «Ақжайық» командасының қақпасына енгізді. Бұл матчта «Жетісудың» жас шабуылшысы Иван Грабовац қорғаған қақпаға бірден дубль жасады.
Щеткин 40 голды 6 команданың сапында енгізді:
1. «Жетісу» (2010-2013) — 84 матч, 15 гол
2. «Атырау» (2013-2014) — 19, 4
3. «Тараз» (2014) — 24, 7
4. «Астана» (2015-2016) — 35, 3
5. «Ақтөбе» (2016) — 8, 6
6. «Тобыл» — (2017-…) — 9, 5
Щеткин барлық ірі турнирлерде 46 гол соққан. Соның 17-сінде есеп ашып, 11 рет жеңіс голын соғыпты. Сүйікті стадионы — «Жетісу» (Талдықорған). Мұнда ол қарсыластар қақпасына 10 гол енгізді. Сүйікті қақпашысы — А.Пасеченко («Атырау»). Ол Щеткиннің 7 тура соққысын қақпасына дарытып алған.

fca.kz фотосы