ӘЧІ-2018
Португалия — Венгрия — 3:0 (Андре Силва, 32, Криштиану Роналду, 36, 65)

Криштиану Роналду бұл матчта Португалия құрамасы сапындағы 69 және 70 голдарын соғып, еуропалық мергендер көшінде 4 орынға көтерілді. Ол Герд Мюллерді (Германия, 68 доп) және Робби Кинді (Ирландия, 68) басып озды. Енді бір дәл соққы жасаса, КриРо неміс Мирослав Клозені (71) қуып жетеді.

Еуропа құрамаларының мерген шаубылшылары:
1. Ференц Пушкаш (Венгрия/Испания) – 84 гол (89 матч)
2. Шандор Кочиш (Венгрия) – 75 (68)
3. Мирослав Клозе (Германия) – 71 (137)
4. Криштиану Роналду (Португалия) – 70 (137)
5. Герд Мюллер (ФРГ) – 68 (62)
6. Робби Кин (Ирландия) – 68 (146)
7. Златан Ибрагимович (Швеция) – 62 (116)
Қазақстан құрамасының бас мергені — Руслан Балтиев. Ол 73 матчта 13 гол соқты. Қазіргі футболшылар ішінде Сергей Хижниченко мерген саналады. Ол 41 матчта қарсыластар қақпасына 8 гол соқты. Жақын жылдарда Ибрагимовичті қуып жететін еш футболшымыз көрінбейді.