«Рома» командасының шабуылшысы Франческо Тотти «Торино» қақпасына пенальти соғып, өзінің А сериясындағы голдар санын 250-ге жеткізді. Италияның басты чемпионаты тарихындағы ең мерген ойыншы Сильвио Пиола (274 гол) болса, Тотти екінші тұғырды əзірше ешкімге бермейтін сияқты.
1898 жылдан бері өткізіліп келе жатқан А сериясының бас мергендер тізімі мынадай:
1. Сильвио Пиола — 537 матч, 274 гол;
2. Франческо Тотти — 605-250;
3. Гуннар Нордаль — 291-225;
4. Жозе Алтафини — 458-216;
5. Джузеппе Меацца — 365-216;
6. Антонио ди Натале — 440-208;
7. Роберто Баджо — 452-205;
8. Курт Хамрин — 400-190;
9-10. Джузеппе Синьори — 344-188;
9-10. Алессандро дель Пьеро — 478-188.
С.Пиола 1929-1954 жылдар аралығында «Про Верчелли», «Лацио», «Новара» командаларында ойнады. Ал Ф.Тотти А сериясындағы алғашқы матчын 1992 жылы өткізді. Содан бергі 25 маусымды «Рома» сапында үздіксіз өткізіп келеді. А сериясындағы тұңғыш добын 1994 жылы соқты. 23 жыл бойы əр маусымда кемінде 2 гол авторы атанып жүр. 27 қыркүйекте Франческо 40 жасқа толады.