Швейцарияның Лозанна қаласында өткен «Жақұт лиганың» 11-кезеңінде отандасымыз Ольга Рыпакова үш секіруден күміс медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар үштігі мынадай:
1. Катерин Ибарген (Колумбия) — 14,76
2. Ольга Рыпакова (Қазақстан) — 14,53
3. Параскеви Папахристу (Грекия) — 14,18
Ибарген Рио олимпиадасында 15,17 м. нәтижемен чемпион атанды, ал Рыпакова 14,74 м. көрсеткішпен қола жүлдеге ие болды. Папахристу болса, 14,26 метрге секіріп, 8-орында қалған болатын.