Қазақстан премьер-лигасы
13 тур. 31 мамыр

«Қайрат» — «Ақтөбе» — 3:2 (Исламхан, 3, Иличевич, 77, Силвейра, 89 – Пизелли, 15, 30)

Бұл кездесуде «Қайраттың» қос джокері Иличевич пен Силвейра мергендікпен көзге түсіп, маты тағдырын шешті. Иличевич 41 минутта – Анененің, Силвейра 65 минутта Хуан Фелипенің орнына шыққан болатын.

«Қайрат» биыл да премьер-лигадағы ең джокері көп команда болатын сияқты. Маусым басынан бері алматылықтардың 10 футболшысы ойын барысында алаңға шығып, қақпаларға гол соғып кетті. Олар 9 ойында көзге түсті.

Өткен жылы да «Қайрат» бұл көрсеткіш бойынша анағұрлым алда болған-ды. 13 футболшы 12 кездесуде джокер ретінде гол соққан болатын. Бірақ биылғы джокерлердің қарқыны өте жоғарды. Былтырғы көрсеткішті қайталау үшін енді «қайраттық» джокерлер екі матчта көзге түссе жеткілікті.

Биылғы үздік джокерлер (14 турға дейін):
1-2. Чума Анене («Қайрат») – 3 гол
1-2. Таңат Нөсербаев («Тобыл») – 3
3-6. Андрей Аршавин («Қайрат») – 2
3-6. О.Хромцов («Жетісу») – 2
3-6. Д.Джигаури («Ордабасы») – 2
3-6. Б.Аденидже («Атырау») — 2

Джокерлері көп командалар (14 турға дейін):
1. Қайрат» — 10 (9 матч)
2. «Тобыл» — 4 (4)
3.«Ақжайық» — 3 (3)
4-6. «Ордабасы», «Ертіс», «Жетісу» — 3 (2)

(www.fc-aktobe.kz фотосы)