Қазақстан премьер-лигасы
13 тур. 31 мамыр
«Қайсар» — «Астана» — 0:2 (Твумаси, 22, Мұжықов, 65)

«Астана» командасының және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов «Қайсармен» кездесуде елеулі екі табысқа қол жеткізді.

Ол премьер-лигадағы – 24, жалпы спорттағы ғұмырындағы 30-голын соқты.

Мұжықовтың көрсеткіштері:

КомандаМаусымҚПЛГолҚКГолЕКГолҰҚГолБарлығыГол
1.«Жетісу»2008-201313012153215015216
2.«Астана»2014-201890139027110013614
3.«Қайсар»201517020190
Барлығы 2372526329215030730

Жетістіктері:

«Жетісу» (1) – Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2011)

«Астана» (8) – Қазақстанның 4 дүркін чемпионы (2014, 2015, 2016, 2017), Қазақстан кубогының иегері (2016), 3 дүркін Қазақстан суперкубогының иегері (2014, 2015, 2018), Қазақстан кубогының финалисі (2015).

Премьер-лигадағы алғашқы матчы:
17.05.2008 ж. 10 тур. «Ордабасы» — «Жетісу» — 0:0

Премьер-лигадағы алғашқы добы:
12.05.2018 ж. 10 тур. «Атырау» — «Ордабасы» — 1:2 (48 минут)

Қазақстан кубогындағы тұңғыш голы:
16.05.2012 ж. 1/16 финал. «Восток» — «Жетісу» — 1:3 (50 минут). Бұл матчта Мұжықов дубль жасады.

Еурокубоктағы тұңғыш голы:
12.07.2012 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. «Жетісу» — «Лех» — 1:1 (44 минут)

Мұжықов голдарының сипаттары:
Қай команданың қақпасына көп гол соқты – «Шахтер» мен «Атырау» (4 голдан). Барлығы 14 команданың қақпасына гол соқты.

Қай қақпашыға көп гол соқты – А.Григоренко (4 гол). Барлығы 19 қақпашы қорғаған қақпаға доп енгізді.

Таймдар көрсеткіші: 1 тайм – 16, 2 тайм – 14

Ең көп гол соққан стадиондар: «Астана-Арена» — 7, «Жетісу» — 5. Барлығы 14 стадионда мергендік танытты.

Голдардың маңызы:
Есеп ашу – 11
Есепті теңестіру – 3
Есеп айырмасын үстеу – 14
Есеп айырмасын қысқарту – 1
Жеңіс голы – 8
Дубль – 3

Ең көп гол соққан ай: мамыр (8). Наурызда – 5, сәуірде – 4, маусымда – 3, шілдеде – 2, тамызда – 4, қыркүйекте – 2, қазанда – 1, қарашада 1 гол авторы атанды.

Өз алаңында – 11, сырт алаңда 19 гол енгізді.

Ең көп гол соққан күн – 9 (айдағы 31 күннің 17-сінде гол соқты).

31, 44 және 48 минуттарда қарсыластарын қақпасын көбірек дәл көздеген (2 реттен).