ӘЧІ-2018

Португалия — Латвия — 4:1 (Криштиану Роналду, 28-пенальтиден, 85, В.Карвалью, 70, Бруну Алвеш, 90+2 — Зюзин, 67)

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық команда сапындағы 67 және 68 голдарын соғып, Еуропа құрамаларындағы мерген футболшылардың үздік төрттігіне енді.

Ол Германия құрамасының шабуылшысы Герд Мюллерді және Ирландия мергені Робби Кинді қуып жетті. Алайда бұл үшеуінің арасында Мюллердікін таңғажайып жетістік деуге болады. Ол құрама сапындағы 68 голда небары 62 матчта соққан. Роналду болса, 136 матчта осы көрсеткішке жеткен. Киндікі — 146 матч.

Еуропа құрамаларының мергендер көші мынадай:
1. Ференц Пушкаш (Венгрия) — 89 ойын, 84 гол
2. Шандор Кочиш (Венгрия) — 68 матч, 75 гол
3. Мирослав Клозе (Германия) — 137 матч, 71 гол
4. Герд Мюллер (Германия) — 62 матч, 68 гол
5. Криштиану Роналду (Португалия) — 136 матч, 68 гол
6. Робби Кин (Ирландия) — 146 матч, 68 гол
7. Златан Ибрагимович (Швеция) — 116 матч, 62 гол
8. Имре Шлоссер (Венгрия) — 68 матч, 59 гол
9. Давид Вилья (Испания) — 97 матч, 59 гол
10. Ян Коллер (Чехия) — 91 матч, 55 гол

Дегенмен әлемдегі жетістікпен салыстыра қарасақ, Еуропа мергендері көш ортасында қала береді:
1. Әли Даеи (Иран) – 109 гол 
2. Мәжед Абдулла (Сауд Арабиясы) – 89 гол 
3. Ференц Пушкаш (Венгрия) – 84 
4. Клифтон Сандвилет (Суринам) – 81 
5. Пеле (Бразилия) – 77
6. Шандор Кочиш (Венгрия) – 75
7. Башар Абдулла (Кувейт) – 75
8. Кунишиге Камамото (Жапония) – 75
9. Стерн Джон (Тринидад және Тобаго) – 69
10. Хоссам Хассан (Египет) – 69

Қазақстан құрамасы сапында бұл тізімге алдағы 50 жылда маңайлай қоятын ешкім көрінбейді. 1992 жылдан бері өткізген 175 ойындағы ең жақсы нітиже Руслан Балтиевке тиесілі. Ол 73 матчта 13 гол соқты. Екінші орындағы Виктор Зубарев 18 матчта 12 рет көзге түсті. Қазіргі шабуылшылар ішінде Сергей Хижниченко әлі 10 гол соққан жоқ (41 матч, 8 гол).