Олимпиада финалындағы Әділбек Ниязымбетов пен Хулио Ла Крус жекпе-жегі Қазақстан — Куба текетіресіне өзгеріс әкелді. Бұл екі бокс державасы өкілдерінің олимпиадаларда 13-кездесуі екен. Өкінішке қарай, 13 саны Әділбек үшін сәтсіз болды. Әзірше есеп Бостандық аралы өкілдерінің пайдасында — 6:7.
Кесте мынадай:
Байқап отырғандарыңыздай, Атлантада Куба қабыландары біздің 4 боксшыны да жеңген.
Қазақ боксшылары Сиднейде бұл күмәнсіз басымдықты толық дерлік жоққа шығарып, 3 кездесуде де жеңіске жетті. Бірінші болып кубалықты тізерлеткен — 81 келідегі Олжас Оразәлиев. Ол Сидней додасының 1/8 финалында Исаель Альваресті айқын басымдықпен жеңді.
Есепті Афина олимпиадасының финалында Бақтияр Артаев теңестірді. Ол Лоренсо Арагонды күмәнсіз ұтты. Бұдан кейін кубалықтар үнемі бір ұпай айырмашылығымен алға шыққанмен, отандастарымыз келесі жекпе-жекте қуып жетіп отырды. Ниязымбетов — Ла Крус жекпе-жегінде Куба 4-рет алға шықты. Біздің батырлар таразы басын тең ету үшін енді Токио олимпиадасын күтеді.
Қазақстан мен Куба боксшылары олимпиада финалдарында 4 рет кездесті. 2 рет Қазақстан (Артаев, Сәрсекбаев), 2 рет Куба (Ромеро, Ла Крус) жеңіске жетті.
Қазақ боксшыларымен олимпиадаларда Хуан Эрнандестің жолы екі рет қиысты. Атлантада ол 67 келі салмақта Нұржан Смановтың жолын кессе, Сиднейде 71 келіде сынға түсіп, ширек финалда Ермахан Ыбырайымовтан ұтылды.
Қандай керемет сараптама! Біздің журналистер де, біздің сайттар да осындай көрнекі, салмақты, пайдалы анализді көбірек берсе, нұр үстіне нұр болар еді!
Әдемі,керек дүние .сақтап алдым