Еуропа лигасы. К тобы
1 тур. 20 қыркүйек

«Динамо» (К, Украина) – «Астана» — 2:2 (Цыганков, 11, Гармаш, 45+1 – Аничич, 21, Муртазаев, 90+5)
«Ренн» (Франция) – «Яблонец» (Чехия) – 2:1 (Сарр, 31, Бен Арфа, 90+1-пенальтиден – Травник, 54)

«Астана» командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаев бұл кездесуде өзінің үлкен футболдағы елуінші голын енгізді.

Қарағанды футболынан түлеп ұшқан Муртазаевтің мерейлі голы Киевтің Олимпиялық стадионында соғылды. Жалпы, Романның 50 добы 4 түрлі ірі турнирде енгізілді:
Қазақстан премьер-лигасы – 40 гол («Шахтер» — 9, «Ертіс» — 18, «Астана» — 13)
Қазақстан кубогы – 4 («Шахтер» — 3, «Ертіс» — 1)
Қазақстан құрамасы – 2 (Венгрия, Әзербайжан)
Еурокубоктар – 4 («Шахтер» — 2, «Астана» — 2)

Осы 50 голды соғуға Р.Муртазаев 9 жыл жұмсады. Алғаш рет ол 2012 жылдың 26 маусымында «Шахтер» сапында Қазақстан кубогының 1/8 финалында Алматының ЦСКА командасының қақпасын 34 минутта дәл көздеді.

50 голдың ерекшеліктері:
Қақпасына гол соққан командалар саны – 21
Муртазаевтан ең көп гол жіберген команда – «Ертіс» (7 гол)
Қанша қақпашыға гол соқты – 29
Муртазаевтан ең көп доп жіберген қақпашы – Д.Лория (6)
Таймдар бойынша: І тайм – 24, ІІ тайм – 26
Оң аяқпен – 31, сол аяқ – 8, баспен – 9 (алғашқы екі голының нақты дерегі жоқ)
Ең көп гол соққан стадион – Орталық (Павлодар, 13 гол)
Есеп ашу – 15
Жеңіс голы – 15
Дубль – 5
Пенальти – 5
Джокерлік гол – 2
Ең көп гол соққан айы – маусым (11)
Өз алаңында – 30, сырт алаңда — 20

(fcastana.kz фотосы)