2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының билеттерінің құны – 1280-66 000  рубль (7500-383 000 теңге) аралығында. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының(ФИФА) сайтында хабарланды.

Ең арзан билетке (төртінші санат) тек ресейліктер қол жеткізе алады. Ашылу салтанатындағы матч билеттер бағасы 3200 рубльден (17 600 теңге) бастап, 33 000 рубльге (191 400 теңге) жетеді. Топтық турнир ойындары сәл арзан – біздің бағаммен 7500 теңгеге билет алуға болады. Плей-офф кезеңінде билеттер құны арта түседі. 1/8 финалға 13 мыңнан бастап, 85 260 теңгеге билет алып кіре аласыз. Ширек финал билеті – 20 300-127 000 теңге, жартылай финал билеті 26 000-261 000 теңге тұрады. Финалдағы ең арзан билет құны 40 830 теңге болып белгіленген.

Ресейде биыл өткен Конфедерация кубогында топтық турнир билеттері 960 рубль (5500) теңге тұрған еді.

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында 14 маусым-15 шілде аралығында өтеді.

Әзірше бұл сынға Ресей (турнир қожайыны), Бразилия, Иран, Жапония, Бельгия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Мексика құрамалары жолдама алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here