Soccer Football - UEFA Nations League - League D - Group 1 - Andorra v Kazakhstan - Estadi Nacional - Andorra la Vella, Andorra - September 10, 2018 Andorra's Jordi Alaez in action with Kazakhstan's Islambek Kuat REUTERS/Albert Gea

Ұлттар лигасы. 2 тур
D1 лигасы. 10 қыркүйек

Андорра – Қазақстан – 1:1 (Алаес, 86 — Логвиненко, 68)

Қазақстан құрамасының қақпасына бұл матчта қарымта допты екінші таймда алаңға шыққан Ж.Алаес енгізді.

1992 жылдан бері Қазақстан құрамасы 187 кездесу өткізсе, соның 37-сінде біздің қақпаны 42 джокер дәл көздепті.

Бірақ бұл нақты нәтиже емес. Қазақстан АФК-ға мүше уақытында өткізген кей матчтың хаттамыс нақты емес. Сондықтан қолдағы бар мәліметтер арқылы 42 джокер-мергенді есептеп отырмыз.

Ең алғашқы джокерлік гол біздің қақпаға құрама тарихындағы бесінші кездесуде соғылды. Қырғызстан құрамысынң шабуылшысы С.Бондаренко 65 минутта А.Агаринді алмастырып, В.Кафанов қорғаған қақпамыздың кілтін 11 минуттан кейін дәл тапты. Сөйтіп, тең нәтиже тіркеді.

Джокерлер жігерлі жеңіс сыйлаған кездесулер саны – 4. Жалпы бізге қарсы кездесулерде джокерлер өз құрамаларына 8 жеңіс сыйлаған.

Ең мерген джокер – М.Огунжими (Бельгия). Ол Қазақстанға қарсы екі рет ойынға екінші таймнан араласып, 3 гол авторы атанды.

6 кездесуде Қазақстан қақпасына 2 джокерлік голдан соғылды.

Арт.Карамян (Армения), М.Огунжими (Бельгия) және М.Шкода (Чехия) – Қазақстан қақпасына дубль жасаған джокерлер.

Симау Саброза (Португалия) мен М.Огунжими Қазақстан қақпасына екі кездесуде джокер ретінде гол соқты.

Ж.Алаес – Қазақстаннан жеңісті тартып әкеткен екінші джокер. Оған дейін жоғарыда айтып өткен қырғызстандық С.Бондаренко есепті теңестіріп, тең ойын тіркеген еді.

2012 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Қазақстан қақпасына 4 кездесуде 5 джокерлік гол енді.

Қазақстан құрамасы қақпасына соғылған джокерлік голдар: 

26.09.1992 ж. Бішкек. ЖК. Қырғызстан – Қазақстан – 1:1 (Бондаренко, 75 – 1:1. Бондаренко алаңға 65 минутта шықты)
13.09.1997 ж. Әбу-Даби. ӘЧІ. БӘӘ – Қазақстан – 4:0 (Кәмис Мүбәрәк, 84 – 4:0. Мүбәрәк алаңға 71 минутта шықты)
08.11.1997 ж. Токио. ӘЧІ. Жапония – Қазақстан – 5:1 (Такаги, 79 – 5:1. Такаги алаңға 63 минутта шықты)
17.04.2002 ж. Вентспилс. ЖК. Латвия – Қазақстан – 2:1 (Землинский, 75-пенальтиден – 1:1, Штолцерс, 89 – 2:1. Землинский алаңға – 71, Штолцерс, 51 минутта шықты)
06.06.2003 ж. Познань. ЖК. Польша – Қазақстан – 3:0 (Давидовски, 50 – 2:0. Давидовски алаңға 46 минутта шықты)
20.08.2003 ж. Шавиш. ЖК. Португалия – Қазақстан – 1:0 (Симау Саброза, 64 – 1:0. Саброза алаңға 46 минутта шықты)
19.02.2004 ж. Пафос. ЖК. Армения – Қазақстан – 3:3 (Арт.Карамян, 72 – 2:1, 82 – 3:3. Артавазд алаңға 59 минутта шықты)
08.09.2004 ж. Алматы. ӘЧІ. Қазақстан – Украина – 1:2 (Ротань, 90+1 – 1:2. Ротань алаңға 66 минутта шықты)
17.11.2004 ж. Афина. ӘЧІ. Грекия – Қазақстан – 3:1 (Кацуранис, 86 – 3:0. Кацуранис алаңға 60 минутта шықты)
08.06.2005 ж. Алматы. ӘЧІ. Қазақстан – Түркия – 0:6 (Халил Алтындоп, 88 – 0:5. Халил алаңға 46 минутта шықты)
07.09.2005 ж. Алматы. ӘЧІ. Қазақстан – Грекия – 1:2 (Лимперопулос, 90+4 – 1:2. Лимперопулос алаңға 53 минутта шықты)
01.03.2006 ж. Никосия. ЖК. Грекия – Қазақстан – 2:0 (Самарас, 68 – 1:0, Яннакопулос, 90+1 – 2:0. Самарас пен Яннакопулос алаңға 46 минутта шықты)
02.07.2006 ж. Алматы. ЖК. Қазақстан – Тәжікстан – 4:1 (Саидов, 75 – 3:1. Саидов алаңға 66 минутта шықты)
17.10.2007 ж. Алматы. ЕЧІ. Қазақстан – Португалия – 1:2 (Макукула, 81 – 0:1. Макукула алаңға 63 минутта шықты)
23.05.2008 ж. Мәскеу. ЖК. Ресей – Қазақстан – 6:0 (Торбинский, 89 – 5:0, Сычев, 90+2 – 6:0. Торбинский мен Сычев алаңға 46 минутта шықты)
06.09.2008 ж. Загреб. ӘЧІ. Хорватия – Қазақстан – 3:0 (Петрич, 79 – 3:0. Петрич алаңға 68 минутта шықты)
11.10.2008 ж. Лондон. ӘЧІ. Англия – Қазақстан – 5:1 (Дефо, 90 – 5:1. Дефо алаңға 87 минутта шықты)
10.10.2009 ж. Брест. ӘЧІ. Беларусь – Қазақстан – 4:0 (Л.Ковель, 86 – 3:0. Ковель алаңға 73 минутта шықты)
07.09.2010 ж. Зальцбург. ЕЧІ. Австрия – Қазақстан – 2:0 (Хоффер, 90+2 – 2:0. Хоффер алаңға 66 минутта шықты)
08.10.2010 ж. Астана. ЕЧІ. Қазақстан – Бельгия – 0:2 (Огунжими, 52 – 0:1, 70 – 0:2. Огунжими алаңға 46 минутта шықты)
12.10.2010 ж. Астана. ЕЧІ. Қазақстан – Германия – 0:3 (Гомес, 76 – 0:2. Гомес алаңға 55 минутта шықты)
03.06.2011 ж. Астана. ЕЧІ. Қазақстан – Әзербайжан – 2:1 (Нәдіров, 63 – 1:1. Нәдіров алаңға 61 минутта шықты)
07.10.2011 ж. Брюссель. ЕЧІ. Бельгия – Қазақстан – 4:1 (Огунжими, 84 – 4:0. Огунжими алаңға 73 минутта шықты)
07.09.2012 ж. Астана. ӘЧІ. Қазақстан – Ирландия – 1:2 (Дойл, 90 – 1:2. Дойл алаңға 58 минутта шықты)
11.09.2012 ж. Мальме. ӘЧІ. Швеция – Қазақстан – 2:0 (Берг, 90+4 – 2:0. Берг алаңға 85 минутта шықты)
06.02.2013 ж. Анталия. ЖК. Молдова – Қазақстан – 1:3 (Дорош, 86 – 1:2. Дорош алаңға 51 минутта шықты)
05.09.2014 ж. Астана. ЖК. Қазақстан – Қырғызстан – 7:1 (Жырғалбекұлы, 72 – 5:1. Жырғалбекұлы алаңға 30 минутта шықты)
10.10.2014 ж. Амстердам. ЕЧІ. Голландия – Қазақстан – 3:1 (Хунтелаар, 62 – 1:1. Хунтелаар алаңға 56 минутта шықты)
13.10.2014 ж. Астана. ЕЧІ. Қазақстан – Чехия – 2:4 (Нецид, 88 – 1:4. Нецид алаңға 79 минутта шықты)
03.09.2015 ж. Плзень. ЕЧІ. Чехия – Қазақстан – 2:1 (Шкода, 74 – 1:1, 86 – 2:1. Шкода алаңға 46 минутта шықты)
22.03.2017 ж. Ларнака. ЖК. Кипр – Қазақстан – 3:1 (Христофи, 67 – 3:1. Христофи алаңға 57 минутта шықты)
26.03.2017 ж. Ереван. ӘЧІ. Армения – Қазақстан – 2:0 (Өзбилиз, 75 – 2:0. Өзбилиз алаңға 75 минутта шықты)
10.06.2017 ж. Алматы. ӘЧІ. Қазақстан – Дания – 1:3 (Дольберг, 81 – 1:3. Дольберг алаңға 68 минутта шықты)
05.10.2017 ж. Плоешти. ӘЧІ. Румыния – Қазақстан – 3:1 (Кешеру, 73 – 3:0. Кешеру алаңға 66 минутта шықты)
23.03.2018 ж. Будапешт. ЖК. Венгрия – Қазақстан – 2:3 (Немет, 68 – 2:3. Немет алаңға 46 минутта шықты)
10.09.2018 ж. Андорра-ла-Велья. ҰЛ. Андорра – Қазақстан – 1:1 (Алаес, 86 – 1:1. Алаес алаңға 69 минутта шықты)

Reuters фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here