Халықаралық бокс федерациясы (IBF) отандасымыз Геннадий Головкинді чемпион атағынан айырды. Мұны федерация былай деп түсіндірді:

— Геннадий Головкин IBF қойған негізгі талаптарды орындаған жоқ. Атап айтқанда, 3 тамызға дейін үміткер Сергей Деревянченкоға қарсы атағын міндетті түрде қорғауға жазбаша түрде келісім беруден бас тартты. Осыған байланысты және Головкиннің өз салмақ дәрежесі аясында IBF рұқсат бермеген жарысқа қатысқаны үшін (5 мамырдағы В.Мартеросянмен кездесу) ол көрсетілген айыппұлды төлеуге тиіс.

Бұдан былай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы бос. Жақында федерация негізгі екі үміткерді анықтап, олардың арасында белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұйымдастыра бастайды.

Головкин WBC, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді.

GGG IBF нұсқасы бойын әлем чемпионы атағын 2015 жылы 15 қазанда Давид Лемьеден (Канада) тартып алған болатын. Күні кешегі дейін ол осы атақты 5 рет табысты қорғады.