«Баварияның» және Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер медициналық тексеруден өтіп, әлем чемпионатына қатысуға рұқсат алды.

Ол 2017 жылдың 18 сәуірінде Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Реалға» қарсы қарымта ойында жарақат алды. Емделіп оралғанмен, бундеслигада з матчқа ғана қатысты. 2017 жылдың қыркүйегінде сол аяғын сындырып алып, ота жасатты. Ол биылғы наурыз айында алаңға оралады деп күтілгенмен, сауығуы тағы біраз уақытқа созылды. Тіпті Нойердің өзі: «Егер жарақатым толық жазылмаса, әлем чемпионатына қатысудан бас тартамын», – деп мәлімдеме де жасады.

2 маусым күні Нойер Австрия құрамасына (1:2) қарсы мачта негізгі құрамда алаңға шықты.

Ол Германия құрамасы сапында 75 кездесу өткізіп, 64 доп жіберген.
2014 жылғы әлем чемпионы.
2012, 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері.

2018 жылғы әлем чемпионатының топтық турнирінде Германия құрамасы Мексика, Швеция және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі.

(Getty Image фотосы)