Ілияс Сәрсенбай

Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов жақында 7-жеңісіне қол жеткізіп, алғашқы чемпиондық белбеуін иеленді.

Қысқаша анықтама:
Аты-жөні: Әли Ахмедов (кәсіпқой боксшы)
Туған күні: 16.07.1995.
Туған жері: Алматы, Қазақстан.
Бапкері: Сағатбек Мұсаханов.
Кәсіпқой бокстағы дебюті: 14.05.2016.
Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші: 7-0-0, 5КО.
Лақап аты: «АА».
Жетістіктері: Бокстан Қазақстанның спорт шебері. Студенттер арасында әлем (Тайланд), Азия (Тәжікстан) және Универсиада чемпионы.

Әли АҚШ-та өткен бокс кешінде жергілікті Кент Холландты (4-1-1, 2КО) алғашқы раундтың 1:37 секундында нокаутпен жеңді. Осылайша, 7 сәуірде IBO International тұжырымы бойынша чемпион атанған Батыржан Жүкембаевтан кейін бірінші болып WBC-NABF титулын қанжығалады. Бұл – Солтүстік Американың аймақтық чемпиондық белдігі (1969 жылы құрылған). Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) құрамына кіреді.

Әли Ахмедовтың кәсіпқойлар арасындағы кездесулері:

                   Қарсыласы Азаматтығы Өткен жері, күні            Жеңіс
 1 Сергей Крапшило (4-12-2, 3КО) Беларусь Алматы, 14 мамыр 1-раунд (нокаут)
 2 Ғалымжан Қонаев (0-0-1) Қазақстан Алматы, 27 тамыз 2-раунд(тех. нок)
 3 Минди Нозадзе (18-9-0, 11КО) Грузия Алматы, 24 қыркүйек 1-раунд (нокаут)
 4 Али Махмедов (10-2-0, 2КО) Әзірбайжан Алматы, 29 қазан 1-раунд (нокаут)
 5 Владимир Харкович (2-6-1, 2КО) Беларусь Польша, 9 желтоқсан ұпай санымен
 6 Патрик Менди (17-12-1, 1КО) Гамбия Польша, 11 наурыз ұпай санымен
 7 Кент Холланд (4-1-1, 2КО) АҚШ АҚШ, 30 маусым 1-раунд (нокаут)

 

Сонымен қатар, әуесқой бокста студенттер арасындағы Тайландта өткен әлем және Тәжікстанда ұйымдастырылған Азия чемпионаттарында жеңімпаз атанды.

Студенттер арасындағы әлем біріншілігі. Тайланд. 81 келі

   Кезең         Қарсыласы Азаматтығы             Жеңіс
1/8 финал Ли Битао Қытай 3-раунд (нокаут)
1/4 финал Вячеслав Троян Украина 2-раунд (нокаут)
1/2 финал Юке Смаяли Швейцария ұпай санымен (3:0)
финал Михаил Долговелец Беларусь 2-раунд (нокаут)

Әли Ахмедов – Сағатбек Мұсахановтың кәсіпқой бокстағы жоғарғы нәтиже көрсетіп жүрген шәкірті. Қазақстандық маманның қарамағында Қанат Ислам – Патрик Аллотей жекпе-жегінің андеркартында алғашқы кездесуін өткізген Жұман Жұмабеков (1-0-0, 1КО) және 2 рет шаршы алаңға көтеріліп, қос қарсыласын да жеңген Әли Болаев (2-0-0, 1КО) секілді боксшылар бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here