Қазақстан премьер-лигасы
9 тур. 29 сәуір
«Шахтер» — «Ордабасы» — 1:2 (Шахметов, 56 — Ковальчук, 3, 37)
«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Марат Шахметов бұл матчта бір гол енгізіп, өз командасының есеп айырмасын қысқартуына ғана қол жеткізді. Дегенмен Шахметовтың бұл добы ерекше нәтижеге назар аудартып отыр.
Шахметов — соңғы 3 жылда 4 команда сапында гол соққан футболшы.
1. 2015 жылдың 14 қарашасында премьер-лиганың ауыспалы матчында ол «Жетісу» сапында «Восток» қақпасын дәл көздеп, талдықорғандықтардықтардың бас лигада қалуына жол ашты.
2. 2016 жылдың жылдың 3 сәуірінде «Тараз» — «Оқжетпес» кездесуінде есеп теңестірді. Бірақ бұл матчта «Тараз» 1:3 есебімен ұтылып қалды.
3. 2016 жылдың 1 қазанында «Ақжайық» сапында Таразға келіп, жарты маусым ойнаған бұрынғы командасының қақпасына 87 минутта гол енгізді, есепті теңестірді. Дегенмен «Тараз» соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.
4. Міне, биыл «Шахтер» сапында көзге түсіп отыр.
2007 жылы «Алматы» командасы сапында премьер-лига додасына түсіп, Шахметов бұл ұжымда 2 жыл ішінде 3 гол авторы атанды. Одан кейін 6 маусым «Астана» сапында ойнап, 7 гол соқты.