Боксшы Иван Дычко (+91 келі) Рио олимпиадасының жартылай финалында ұлыбританиялық Джо Джойстан 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) есебімен жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Ол Лондон олимпиадасында да тұғырдың үшінші сатысына көтерілген еді.
Дычко — қатарынан екі олимпиадада қола медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы.
Ал ұлыбританиялық боксшылар осымен біздің былғары болғап шеберлерін үшінші рет аса ауыр салмақтың финалдық кезеңінде жеңіп отыр.
2000 жылы Сидней олимпиадасының финалында Одли Харрисон Мұхтархан Ділдәбековті 30:16 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
2012 жылы Лондон олимпиадасының жартылай финалында Энтони Джошуа Иван Дычконы 13:11 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.
Ал Рио олимпиадасының жартылай финалында Дычконы тағы да ұлыбританиялық боксшы жеңіп отыр.
Демек, олимпиадаларда аса ауыр салмақта біздің боксшыларға Тұманды Альбион жігіттері жолықса, іш жия беру керек шығар…