Қазақстан премьер-лигасы

4 тур. 6 сәуір

«Ертіс» — «Тараз» — 2:0 (Пикалкин, 18-өз қақпасына, Отарбаев, 69-өз қақпасына)

Бұл кездесуде «Тараз» қақпашысы өз қақпасына Самат Отарбаев павлодарлық футболшылар тепкен 6 тура соққыны да қайтарғанмен, өзі және командаластары бағыттаған екі соққыны дарытып алды. Алдымен қорғаушы Игорь Пикалкин 18 минутта оң қапталдан Мадияр Райымбек көтерген допты баспен өз қақпасына енгізіп алса, 69 минутта Саматтың өзі әуелеген допты қақпасына қолымен бір-ақ соқты.

Мұндай оқиға соңғы рет Қазақстан премьер-лигасында 11 жылға жуық уақыт бұрын тіркелген еді. «Алматы» — «Оқжетпес кездесуінде жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеевтің екі пасын көкшетаулықтар өз қақпасына голға айналдырып жіберді. Ойын соңында Көкеев өзі гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді:

16.10.2008 жыл. 26 тур. «Алматы» — «Оқжетпес» — 4:1 (Қ.Әлиев, автогол — 2:0, Н.Маймақов, 61-автогол — 3:0)

Автоголдан жеке «рекордшы» — С.Скорых («Шахтер»). Ол 2017 жылы бір маусымда өз қақпасына 3 автогол соғып алды.

«Ертіс» ФК фотосы