Қазақстан премьер-лигасы
2 тур. 15 наурыз
«Ордабасы» — «Ақтөбе» — 1:0 (Щеткин, 85)
«Атырау» — «Ертіс» — 1:3 (Жунич, 30 – Фонсека, 20, Каньяс, 33, Дарабаев, 41)
«Қайсар» — «Жетісу» — 0:1 (Наумов, 20)
«Тобыл» — «Тараз» — 4:1 (Нұрғалиев, 31-пенальтиден, Гордейчук, 62, 75, Тұрысбек, 88 – Лобжанидзе, 83-пенальтиден)
«Қайрат» — «Шахтёр» — 2:1 (Еппель, 28—пенальтиден, Швырев, 76 – Зенев, 81)
«Астана» — «Оқжетпес» — 2:1 (Янга, 59, Маевский, 72 – Дмитриев, 69)
Қазақстан премьер-лигасының ІІ турында да тең ойын мүлде тіркелген жоқ. Бес команда ұпай жоғалтпай, көш басында келеді.
Бұл турда 17 доп соғылды. І турмен салыстырғанда бұл жолғы голдар саны үшке аз.
ІІ турда екі команда сырт алаңда жеңіске жетті. «Ертіс» алғашқы ұпайларын қанжығалады, ал «Қайсар» екінші тур қатарынан өз алаңында жеңіліп отыр.
«Ордабасының» шабуылшысы Алексей Щеткин І турда үш голдың пасын шығарып берген еді. Бұл жолы ол өзі жеңіс добын енгізді. Талдықорған футболының түлегі Қазақстандағы жетінші команда сапында өнер көрсетіп, жетеуінде де мергендік танытып отыр.
«Жетісу» командасының қорғаушысы Николай Наумов екінші тур қатарынан жеңіс голын қақпаға дарытты. Беларусь қорғаушысы литвалық Мантас Куклистің бұрыштан көтерген добын екінші рет қақпаға дәл бағыттап отыр.
І турда еш ойында пенальти белгіленбеп еді. Бұл жолы «Тобыл» — «Тараз» кездесуінде төреші Г.Московченко екі команданың қақпасына да пеналти қойды, ал «Қайрат» — «Шахтер» кездесуінде төреші Б.Қызылбаев белгілеген 11 метрлік айып добын бұрыс деп бағалағандар аз емес.
«Тобыл» командасының капитаны Азат Нұрғалиев екінші тур қатарынан гол соғып, мергендер көшін бастады. Қостанайдағы кездесуде қазақ футболының түлегі, Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Михаил Гордейчук Қазақстандағы алғашқы доптарын соқты.
«Қайсар» – екі ойында да қарсыластар қақпасының кілтін таба алмаған жалғыз команда. Ал «Тобыл» екі ойында жеті гол соғып, ең нәтижелі команда болып отыр.
Қазақстан премьер-лигасының ойындары 30-31 наурызда жалғасады.
«Қайсар» ФК фотосы