Қазақстан премьер-лигасы
28 тур. 30 қыркүйек
«Қызылжар-СҚ» — «Қайсар» — 1:0 (Мүлдинов, 15)

«Қызылжар-СҚ» командасының шабуылшысы Тимур Мүлдинов осы матчта өз командасына жеңіс сыйлап қана қоймай, ерекше нәтижеге де қол жеткізді. Ол биыл 6 гол соқса, осы алтауында да ойында есеп ашты. Одан бөлек, Тимурдың кейінгі 4 дәл соққысының бәрі – жеңіс голдары.

Осы 4 кездесуде де «Қызылжар-СҚ» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. Демек, Мүлдиновтің 4 добы командаға 12 ұпай сыйлады деуге болады. Мергеннің тура соққысына «Шахтер», «Ертіс» (2 рет) және «Қайсар» командалары қарымта қайтара алмады.

Бұл үш команданың да «Қызылжардың» премьер-лигада қалудағы тікелей бәсекелесі екенін ескерсек, Тимурдың голдарының аңызы одан ары арта түседі.

Соңғы үш жеңіс голын Мүлдинов айып алаңындағы қарсыластардың қателігінен кейін енгізді, яғни командаластарынан тікелей пас алып барып соққан жоқ. Бұл елімізде жақсы шабуылшының өсіп келе жатқанын байқатса керек.

Мүлдиновтің алдына өзінің дәл соққыларымен командаға жеңіс әкелу көрсеткіші бойынша П.Твумаси («Астана», 7 гол), А.Щеткин («Астана», 6 гол) және Исаель («Қайрат», 5 гол) ғана тұр.