Биылғы додада бір рет қана 0:0 есебі тіркелді. С тобындағы соңғы ойында Дания мен Франция бір-біріне гол соға алған жоқ. Бұл – 1954 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі ең үздік нәтиже. Сол жылы ешбір ойын 0:0 есебімен аяқталмаған екен.
Ресей-2018 додасына қатысқан 32 құраманың бәрі кем дегенде екі доп енгізді. Бұл да – бұрын болмаған жетістік.
Сондай-ақ биыл стандарт жағдайлардан, атап айтқанда, айып добы мен бұрыштамалардан кейін 74 гол соғылды. Бұл – жалпы 169 голдың 43 пайызы. 1966 жылдан бері мұнша үздік нәтиже бірінші рет тіркеліп отыр.
Ресей алаңдарында өткен 64 ойында қақпаларға 22 пенальти белгіленді. Бұл бұрынғы рекордтан 4 пенальти артық.