А тобы
Ресей – Сауд Арабиясы – 5:0 (Газинский, 12, Черышев, 43, Дзюба, 71, Черышев, 90+1, Головин, 90+4)

  • Әлем чемпионаттарының беташар матчтарында тұңғыш рет осындай есеп (5:0) тіркеліп отыр.
  • Денис Черышев – әлем чемпионаттарында гол соққан тұңғыш джокер. Ол ойынға 24 минутта жарақат алған Алан Дзагоевтің орнына шығып, 43 және 90+1 минуттарда гол соқты.
  • Денис Черышев пен әкесі Дмитрий Черышев – Ресей құрамасы сапында екеуі де гол соққан тұңғыш әкелі-балалылар.
  • Беташар матчта үш джокерлік гол тарихта тұңғыш рет соғылды.
  • ХХІ әлем чемпионатының бірінші голын жартылай қорғаушы Юрий Газинский соқты. Бұл – Газинскийдің құрама сапындағы алғашқы дәл соққысы.
  • Әнге айналған Аргентина – Ямайка (5:0) матчынан кейін араға 20 жыл салып қана әлем чемпионаттарында осы есеп қайталанды.
  • Сергей Игнашевич әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіне қатысқан ең қарт ойыншылар тізіміне төртінші болып енді. Кеше алаңға шыққанда оның жасы 38 жас, 335 күн болды. Игнашевичтен де кәрі футболшылар – англиялық Стэнли Мэтьюз (39 жас, 145 күн), аргентиналық Анхель Лабруна (39 жас, 260 күн) және камерундық Роже Милла (42 жас, 39 күн).
  • Сауд Арабиясы әлем чемпионаттарының финалдық кезеңінде бесінші рет ойсырай ұтылып отыр. (1998 ж. Франция — 0:4; 2002 ж. Германия – 0:8, Ирландия – 0:3; 2006 ж. Украина – 0:4).