Златан Ибрагимович тұңғыш рет еурокубок иегері атанды. Ол Еуропа лигасының финалындағы «Манчестер Юнайтед» — «Аякс» (2:0) кездесуіне жарақат салдарынан қатыса алмаса да, биыл манкуниандықтардың бұл жүлдені жеңіп алуына үлкен еңбек сіңірді.
Ибра Еуропа лигасында 11 кездесу өткізіп, 5 гол соқты, 3 гол пасын шығарды.
Ибрагимович топтық турнирде «Заря» (Украина) қақпасына 2 матчта 2 дәл соққы жасады, 1/8 финалдың алғашқы кездесуінде «Сент-Етьен» (Франция) қақпасына хет-трик енгізді.

2009 жылы Ибрагимович «Барселона» сапында УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Дегенмен бұл бір ғана ойыннан тұратын кубок болғандықтан, толыққанды турнир деуге келмейді.
Ибрагимович әр жылдары Голландия, Италия, Испания, Франция чемпионы атанды. Ұлттық біріншіліктерде 11 бас жүлдесі бар. 2004/05 және 2005/06 жылдардағы чемпиондықтан («Ювентус») айырмаса, Златанның ел чемпионы атағы 13 болар еді.