Қазақстан премьер-лигасы
9 тур. 29 сәуір
«Тараз» — «Атырау» — 1:2 (Зайнутдинов, 72 — Ли, 64, Нов.Максимович, 87)
Бұл матчтың 16 минутында «Тараз» шабуылшысы Руслан Мұхаметшин қонақтар қақпасына пенальти соға алмады. Қақпашы А.Пасеченко соққыны қайтарды.
Бұл — биылғы маусымда енгізілмеген екінші пенальти. 7 турда «Астана» шабуылшысы Ж.Кабананга «Оқжетпес» қақпасына белгіленген пенальтиді аспанға тепкен болатын.
Демек, «Атырау» қақпашысы А.Пасеченко биыл пенальти қайтарған алғашқы қақпашы болып отыр.
Жалпы, өткен маусымда да «Атырау» қақпасына белгіленген 6 пенальтидің үшеуі ғана соғылған болатын. Ал үшеуін Жасур Нәрзіқұлов қайтарған-ды. Биыл Нәрзіқұлов жарақаттанып қалғасын, мұнайшылар қақпасын А.Пасеченко қорғап жүр. Ол Нәрзіқұловтың былтырғы дәстүрін осы маусымда жалғастыруға кірісті.
А.Пасеченко да пенальти қайтарудан құралақан қақпашы емес. Ол өткен жылы «Жетісу» сапында 12 турда «Шахтер» ойыншысы Е.Зенели тепкен пенальтиді қақпаға дарытпаған еді.