Ілияс СӘРСЕНБАЙ
Үш құрлықтың үздіктерінің басын қосқан Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық кезеңі аяқталды. Плей-офф жолдамасын төртінші турда қамдап алған Нұрлан Ақүрпеков шәкірттері «C» тобының көшін бастады. Санье (Қытай) қаласында өткен соңғы кездесуде «арландар» шаршы алаң иелерін 3:2 есебімен жеңді.
6-тур. Қытай. Санье қаласы.
«China Dragons» — «Astana Arlans» — 2:3
| Салмақ | «Айдаһар» | «Арлан» | Ұпай |
| 52 | Гуо Жан | Әнуар Мұзапаров | 3:0 |
| 60 | Сен Ван | Зәкір Сафиуллин | 0:3 |
| 69 | Ричабилиг Хуричаблинг | Асланбек Шымбергенов | 3:0 |
| 81 | Лид Ван | Арман Рысбек | Рысбек нокаутпен ұтты. |
| 91 | Жибао Ван | Олжас Бұқаев | Бұқаев техникалық нокаупен жеңді |
«C» тобының қорытынды кестесі:
| № | Команда | Кездесу | Жеңіс | Ұтылыс | Ұпай |
| 1 | «Astana Arlans» | 6 | 5 | 1 | 15 |
| 2 | «Patriot Boxing Team» | 6 | 3 | 3 | 10 |
| 3 | «Uzbek Tigers» | 6 | 3 | 3 | 10 |
| 4 | «China Dragons» | 6 | 1 | 5 | 4 |
«Astana Arlans» клубының топтық турнирде өткізген кездесулері:
| Тур | Қарсыластар | Өткен жері | Ұпай саны |
| 1 | «Patriot Boxing Team» — «Astana Arlans» | Мәскеу (Ресей) | 2:3 |
| 2 | «Astana Arlans» — «Uzbek Tigers» | Талдықорған (Қазақстан) | 4:1 |
| 3 | «Astana Arlans» — «China Dragons» | Атырау (Қазақстан) | 5:0 |
| 4 | «Astana Arlans» — «Patriot Boxing Team» | Тараз (Қазақстан) | 4:1 |
| 5 | «Uzbek Tigers» — «Astana Arlans» | Ташкент (Өзбекстан) | 4:1 |
| 6 | «China Dragons» — «Astana Arlans» | Санье (Қытай) | 2:3 |
- «Astana Arlans» сапынан 6 турда 10 салмақ дәрежесінде 13 боксшы ринг төріне көтерілді.
- «Арландар» 6 турда 30 кездесу өткізіп, 20 рет жеңіске жетіп, 10 боксшы жеңіліс тапты.
- 6-турдағы жалғыз жеңіліс «Uzbek Tigers» командасынан болды (5-тур. Ташкент. 1:4). Өткен жылғы бокс сериясында қос команда екі рет кездесіп, «арландар» мен «жолбарыстар» дәл осы есеппен бір-бірден жеңіске жеткен болатын.
- 4-турда Олжас Бұқаев (91 келі) бүкіләлемдік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғашқы кездесуінде Магомед Омаровтан ұтылғанымен (0:3), соңғы турда Жибао Ванды («China Dragons») техникалық нокаутпен жеңіп, «арландарға» бесінші жеңісті сыйлады.
- «Astana Arlans» боксшылары 3 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Олар: Олжас Сәттібаев (52 келі. 2-тур. В.Ташкараков, «Patriot Boxing Team»), Арман Рысбек (81 келі. 6-тур. Л.Ван, «China Dragons»), Олжас Бұқаев (91 келі. 6-тур. Ж.Ван, «China Dragons»).
Топтық кезеңде кездесу өткізген «Astana Arlans» боксшыларының көрсеткіші:
| Салмақ | Боксшы | Кездесу | Жеңіс | Ұтылыс | ||
| 49 | Теміртас Жүсіпов | 3 | 1 | 2 | ||
| 52 | Олжас Сәттібаев Әнуар Мұзапаров | 2 1 | 2 0 | 0 1 | ||
| 56 | Ілияс Сүлейменов | 3 | 2 | 1 | ||
| 60 | Зәкір Сафиуллин | 3 | 3 | 0 | ||
| 64 | Ділмұрат Мижитов | 3 | 1 | 2 | ||
| 69 | Асланбек Шымбергенов | 3 | 2 | 1 | ||
| 75 | Әбілхан Аманқұлов Сапарбай Айдаров | 1 2 | 1 1 | 0 1 | ||
| 81 | Арман Рысбек Нұрдәулет Жарманов | 2 1 | 2 0 | 0 1 | ||
| 91
| Антон Пинчук Қамшыбек Қоңқабаев Олжас Бұқаев | 3
1
2 | 3
1
1 | 0
0
1 | ||
Өз салмақ дәрежесінде үздік бестікке ілінген «Astana Arlans» боксшылары:
| Салмақ | Боксшы | Рейтингтегі орны (№) |
| 52 | Олжас Сәттібаев | 4 |
| 56 | Ілияс Сүлейменов | 3 |
| 60 | Зәкір Сафиуллин | 1 |
| 69 | Асланбек Шымбергенов | 4 |
| 81 | Арман Рысбек | 4 |
| 91 | Антон Пинчук | 1 |
Жетінші маусым өткізіліп жатқан бокс сериясында «Astana Arlans» клубы жетінші рет плей-офф кезеңіне жолдама алды. Осы жылдар арасында 2 рет чемпион (2012, 2015) атанып, күміс (2010) пен қоланы (2011) бір-бірден қоржынға салды. Төртінші маусымда жартылай финалға дейін жетті. Одан бөлек, жекелей сында боксшыларымыз өз салмақтарында үздік атанды:
Қанат Әбутәліпов — WSB тұжырымның алғашқы чемпионы (2010)
Ержан Мүсәпіров — 61 келі салмақтың үздігі (2010)
Руслан Мырсатаев — WSB тұжырымы бойынша «Азияның үздік боксшысы» (2011)
Самат Бәшенов — WSB тұжырымы бойынша «Азияның үздік боксшысы» (2012).