Роджер Федерер өткен жексенбіде Аустралия ашық біріншілігінің жеңімпазы атанып, өз ғұмырында 18-рет «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алды.

Бұл көрсеткіш бойынша:

1.  Ол — әлемде «Үлкен дулығаны» ең көп жеңіп алған теннисші. Екінші орындағы Пит Сампрас (АҚШ) және Рафаэль Надальдің (Испания) 4 «дулығасы» кем. 
2.  Федерер — ҮДТ («Үлкен дулыға» турнирлері) турнирлерінің финалына ең көп шыққан спортшы (28 рет — 18 жеңіс, 10 жеңіліс).
3.  Ол — ҮДТ-да ең көп матчта жеңіске жеткен саңлақ (307 жеңіс).
4. Федерер — ҮДТ-ның барлық 4 турнирін жеңіп алған тарихтағы 6-теннисші.
Биылғы «Аустралин өупннің» финалында Р.Федерер ежелгі қарсыласы Р.Надальді 6:3, 3:6, 6:1, 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, 2012 жылғы «Уимблдоннан» кейін ҮДТ турнирін қайта жеңіп алды. 

Ал Надальді соңғы рет ҮДТ финалында Федерер 2007 жылы жеңіпті. Араға 10 жыл салып, ол жеңіс жолын қайта тауып отыр.
Финалдан кейін Федерер қуаныш жасына ерік берді. Төмендегі бейнематериалдан ұлы жеңімпаздың осындай толқынысты сәттерін көрулеріңізге болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here