Авторы — Серік Қантай
Қазақстан құрамасы футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирін бастады. Осы орайда «Статcпорт» сайты осыған дейінгі әлем чемпионатының іріктеу матчтарындағы тіркелген статистикаларды ұсынады.
Әлем чемпионатының іріктеуінде ең алғаш ескерту қағазын алған – Константин Котов (Қазақстан-Ирак -3:1 матчында алды; 1997 жыл).
Әлем чемпионатының іріктеуінде алғаш алаңнан қуылған – Сергей Тимофеев (Корея –Қазақстан — 3:0 матчында қуылды; 1997 жыл).
Бір әлем чемпионатының іріктеуінде екі рет алаңнан қуылған – Сергей Тимофеев (1997 жыл; Корея — Қазақстан — 3:0; Қазақстан – БАӘ — 3:0).
Әлем чемпионатыныдағы бір ойында екі ойыншы алғаш алаңынан қуылды:
Қазақстан – Ирак – 1:1 (2001 жыл, Игорь Авдеев, 82, Алмас Құлшынбаев, 90)
Қазіргі құрама футболшыларының ішінде әлем біріншіліктеріне іріктеуде ең көп ойын өткізген – Самат Сымақов (20 кездесу).
Дания — әлем чемпионатының іріктеуінде екінші рет жолығатын екінші ел.
12.10.2005. Алматы. Орталық стадион. Қазақстан – Дания – 1:2 (Кучма, 86 – Гравгорд, 46, Томассон 49).
26.03.2006. Копенгаген. Паркен. Дания – Қазақстан – 3:0 (Меллер, 10, 47, Поульсен 34).